Жаналықтар

«Әдебиеттің көрнекті тұлғалары»
25 сәуірде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту мақсатында «Әдебиеттің көрнекті тұлғалары» атты ауызша журнал өткізілді.
«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.
Шара барысында бірінші бетте «Бір ел – бір кітап» – «Халықпен бірге оқиық» тақырыбы бойынша «Бір ел – бір кітап» акцияның тарихы мен мақсаттары, екінші бетте «Өшпес рухты үш тұлға» ұлы ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, үшінші бетте «Үш кітап – үш тағдыр» таңдап алынған кітаптар әр түрлі болғанымен оларды өмірдің қиындықтары мен күрделілігін іскерлікпен жеңіп шыққан авторлардың күрделі тағдырлары біріктіретіні туралы айтылып өтті.