ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарттарым-асыл қазынам»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастырумен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аясында, «Болашақ» мектеп интернатының оқушылары мен «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерінің қатысуымен №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 1 қазан қарттар күніне орай, «БАҚ» өкілдерінің қатысуымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді.
Кеш мақсаты: Қарттар еліміздің алтын діңгегі.Қарт кісіні құт береке деп танысақ ол – ұрпақ көрегендігі. Қарт кісілердің еңбектерін бағалап, терең ойлы тәрбиелі сөздерін ұлағат тұтып, құрметпен жүректеріне жылу сыйлау. 
Мерекелік кеш «Болашақ» мектеп интернатның оқушылары «Әлқисса», «Ча-ча-ча», «Мы маленькие звезды» биін биледі. I топ көз мүгедегі Оңғарбаева Қолқанат өз шығармашылығынан «Ана» атты өлеңін тарту етіп, Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері Утеулов Ануарбек «Анам сүйенген шарбаққа», «Пожелания», Шадыркулова Сағымкүл «Аяулы ана», «Я не могу иначе», Ақпаев Нұрсұлтан мен Оңғарбаева Қолғанат «Әке-ана», «Қыз бала гүл», «Сен барда», Пірманов Махмуд «Алтын ана», «Вальс» әндері орындалып кеш көңілді өтті. Кеш соңында әдеби кітаптар оқуға беріліп, қарт кісілер батасымен разылықтарын білдіріп тарқасты. Қорытындысын «Jambyl» телеарнасының кешкі жаңалықтарынан көруге болады.

«Үлгілі отбасы- мәңгілік елдің тірегі»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапхансы «Рухани жаңғыру» және Қазақстандағы жастар жылы аясында 2019 жылғы 20 қыркүйекте мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі» атты облыстық отбасылық сайысын өткізді. 
Рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы таза, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты қадірлеу мақсатын көздеген сайысқа жеті отбасы қатысты. Кітапты көп оқитын, кітап сүйер отбасылар байқаудың бірінші кезеңінде жанұя мүшелерін таныстырса, екінші кезең «Өнерліге өріс кең»деп аталып, Манкеевтер отбасы ерекше өнерін көрсетті. Ал үшінші кезеңде көркем әдебиет бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Келесі төртінші кезеңде қазақ салт дәстүрі, әдет ғұрыпы бойынша сахналық көрініс көрсетті. Сайыстың соңғы кезеңі «Үй тапсырмасы» бойынша қол өнер – ағаштан, темірден, ою -өрнектер, бисерден жасалған бұйымдарды дайындауда жеті аудан да ерекшеленді. І орынды Шу ауданынан қатысқан Малчыбаевтар, ІІ орын Меркі ауданынан Манкеевтер, ІІІ орын Тараз қаласынан Утеуловтар иеленіп, қатысқан барлық отбасы бағалы силықтармен марапатталды.

«Тіл – татулық тірегі»

22 – қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай өз тілінің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғыну мақсатында Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернаты оқушыларының қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» атты дивертисмент кеші өткізілді. 
Кеш барысында тіл құдыреті мен әуезділігін танытуда «Болашақ» мектеп интернатының оқушылары Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Мұзафар Әлімбайдың «Ана тілі», К.Салықовтың «Тіліңді қорға, қазағым», М.Шахановтың «Төрт ана» сынды «Қазақ тілі», «Ана тілім тұғырым!», «Ананың тілі» атты өлеңдерін оқыды. Кеш соңында «Болашақ» мектеп интернатының оқушылары алғыз хатпен марапатталды.

«Діни экстремизиммен бітіспес күрестеміз»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында Облыс әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының байланыс бөлімінің инспекторы Арман Әділұлы Сәрсенбаев пен Бекмолдаев Бексұлтанның қатысуымен «Діни экстремизиммен бітіспес күрестеміз» атты сұхбат өткізілді. 
Ой бөлісуде кітапханашы діни экстремизмнің пайда болуы және белгілеріне тоқтала өтіп, «Діни экстремизм», «Экстремизмге қарсы күрес» туралы бейнероликтер, слайдтар көрсетілді. Сұхбат барысында қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауаптар алды. Сұхбат діни тұрғыда қызу пікірталаста өтті.

    

«Тараз – қазақ мәдениетінің алтын бесігі»

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында, «ҚСҚ»-ы қоғамдық бірлестігінің мүшелері және үнемі оқырмандарын  туған жері мен өскен өңірінің тарихы – мәдени  нысандарын таныстыра отырып, өз елі мен жерін мақтан тұтып өткен тарихын танымалдыру мақсатында  «Тараз – қазақ мәдениетінің алтын бесігі» атты саяхат өткізілді.

         Өлкеміздегі тарихи-мәдени нысандар мен саябақтарды атап айтсақ  Б. Момышұлы ескерткіші, Мәңгілік алау, «Ерлік» мемориалдық кешенін,  Жамбыл облысынан соғысқа аттанған 105 мыңнан аса жауынгердің аты-жөні гранит тасқа жазылғанын, Жобаның екінші кезеңінде «Тыл еңбеккерлеріне тағзым», «Ауған соғысы» ардагерлері мен «Чернобыль» апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтарға монументтер мен әскери техниканың 12 түрінен құралған экспонаттармен таныстырылды.   

         Сонымен қатар жалпы аумағы-алты жарым гектарды құрайтын саябақ аумағында батырдың аты жазылған кіреберіс тақтасына  нақыл сөздер, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші, «Желтоқсан-86»  орталығы, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, қайта жаңғыртудан – өткен «Ардагерлер үйі» және «Ғибрат» орталығы, «Шахмат» алаңы, балалар және спорттық алаңшалары орналасқандарын аралап, оқырмандардың көңілдері толды.

       

«Өмірге құштар жандар»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 13 тамыз Спорт күніне орай ҚР тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды кітапханаға жүйелі  түрде тарта отырып,өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі танымал спортшылардың рухани бағыттағы жетістіктерін мақтан тұтып, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында ҚР – ның арбадағы биден алты дүркін чемпионы – Ахметова Наргиза мен паратаеквандодан екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы – Өмірәлі Нышан Елубайұлының қатысуымен «Өмірге құштар жандар» атты өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі спортшылармен кездесу кеші өтті.

         Кеш барысында келген қонақтар өз өмірлері мен жеткен жетістіктері, өздерінің мүмкіндігі шектеулігіне қармастан спорттың үлкен шыңына шығу оңай жолмен келмегендігі туралы әңгімелеп берді. Әңгіме барысында зағип оқырмандар көкейіндегі сұрақтарын қойып, қанағаттандырарлық жауап алды.

     

 «Біз спортты таңдаймыз!

7 тамыз спорт күніне орай Қазақстан Республикасының тұңғыш президентініғң  «Болашаққа бағдар» «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалану,  жас ұрпаққа спортты (стол ойындарын) насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға   бағыттау мақсатында    «Біз спортты таңдаймыз!» атты дойбы және шахмат ойындарынан  зағип оқырмандар арасында 2 тамызда жарыс өткізілді.

Жарыс соңында қатысушыларымыз Ерлер арасында  І- орын  І -топ көз мүгедегі  Ни.Е, ІІ- орын  ІІ -топ көз мүгедегі Қ.Шералиев, ІІІ – орын  І- топ көз мүгедегі  Р. Нұрқалық  марапатталса,  әйелдер арасында  І- орын.  І -топ көз мүгедегі  Ізтілеу.А, ІІ- орын  ІІ -топ көз мүгедегі Болгаева.Н, ІІІ – орын  І- топ көз мүгедегі Ділдабекова.Т  жүлделі сыйлақтар беріліп, ал қалғандарына ынталандыру сыйлықтары берілді. Кітапхна оқырмандары мен жарысқа қатысушылар жақсы көңі-күйде қайтты. Өткізілген іс – шара нәтижесінде  кітапханамызға 2 жаңа оқырман жазылып, 8 оқырманға келім саны артты.

«Кітаппен достасайық» 

Бүлдіршін балаларды келешек оқырман ретінде кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, рухани байлығын, ой – өрісін дамыту, мақсатында «Кітаппен достасайық» атты ашық аспан астында сергіту сәті өтті. Бүлдіршіндерге қызықты ертегілер оқып, кітаптардың ғажайып түрлерімен және көптеген суреттері бар кітаптармен таныстырылды.

«Елім деп жырлаған үш бәйтерек»

Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге 125 жыл толуына орай «Елім деп жырлаған үш бәйтерек» атты ауызша журнал өткізілді.
 Ауызша журнал 3 беттен тұрды.

 Ауызша журналдың бірінші беті «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» С.Сейфулин, екінші беті «Ұлылардың ұлағаты» Б. Майлин және  үшінші беті «Жыр құлагері» І.Жансүгіров туралы мәлімет беріліп, олардың ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі  қиындықтары мен өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармалары, сондай – ақ адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткендігі, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектері мен  халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері екендігі толықтай айтылды.

«Ел болашағы – латын әліпбиінде»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Ел болашағы – латын әліпбиінде» атты ақпараттық сағат Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері арасында өтті. Іс – шараның мақсаты Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.Іс –шара барысында латын әліпбиіне көшудің себептері неде, латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар, латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады, латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едіңіздер деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының  брайль жүйесі бойынша жасаған латын әліпбиінің нұсқаларымен таныстырып шықты.

«Шырағы сөнбеген кемел тұлғалар»

      Бір мезгілде бүкіл ел болып, бір кітапты оқып-талқылау болып табылатын «Бір ел – бір кітап – 2019» республикалық акциясы бойынша биыл Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың лирикалық поэмаларын  жалпы оқуға ұсынылуына орай арнайы кітапхана ұжымы № 2 әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Шырағы сөнбеген кемел тұлғалар» атты дивертисмент кешін өткізді.

Кеш барасында кітапхана қызметкерлері мен зағип оқырмандары  Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқыды.

«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА
БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы –  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылады.

Байқау –  әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді. 

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Барлық жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «2019 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, және олар дипломмен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтынан алуға болады (qogam.gov.kz).

Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» жастар сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 1992 жылы тағайындалған болатын.  Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, «Муз АРТ» тобы, Қалқаман Сарин және басқада азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын.

2017 жылдан бастап «Дарын» сыйлығы жыл сайын табысталады.

Ізденушілердің құжаттарын 2019 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті келесі мекенжай бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі
(15-кіреберіс, 549 кабинет), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 және              premiya.daryn2019@gmail.com эл. пошта арқылы қабылдайды.

«Мәдениет – мәңгілік өнер»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Соқыр және нашар көретін арнайы «Болашақ» мектеп – интернаты оқушылары арасында, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Туған жер» жобасы аясында, 21мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, өңірдегі мәдениет қайраткерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың дәстүрлі ән өнеріне және музыкаға деген ынтасын, мәдени – рухани байлығын арттыру мақсатында «Мәдениет – мәңгілік өнер» – атты дәстүрлі өңірімізден шыққан Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония әншілерімен кездесу кеші өткізілді.
Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Қазақстанның мәдениет қайраткері Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты, халықаралық Кенен Әзірбаев атындағы II-ші конкурстың лауреаты Шүңіреков Асылхан Мәдіханұлы мен Республикалық конкурстардың және Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық конкурсының, Ә.Молдағұлова атындағы «Әлия гүлі» атты фестивальдің лауреаты Тінәсілова Гүлшат Ахметқызы қатысты.Сондай-ақ оқушылар әнші аға-әпкесіне сауалдарын қойып, қызықты жауаптар алды.Әсем әндермен әдіптелген кеш балғындарға ерекше әсер сыйлады.
Кеш соңында «Болашақ» мектеп-интернаты директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Мусабекова ДЖайлаубайқызы Дина сөз сөйлеп гүл шоқтарын ұсынды.

«Аты аңызға айналған тұлға»

Кеңес Одағының батыры, тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туылғанына 95 жыл толуына орай оның әрбір ісін, басып өткен шұғылалы ізін үлгі ету мақсатында кітапхана қызметкерлері арасында «Аты аңызға айналған тұлға» атты әңгіме экспресс өткізілді. Шара барысында батырдың өмірбаянымен, еліміздің туын тіктеп, әлемге атын әйгілеген тұста әскери құрылымның қалыптасуына үлкен үлес қосқандығы туралы мағлұмат берілді. Ғұмыры терең тарихи тұлғаның 95 жылдық мерексіне орай ұймдастырылған кеште қызметкерлер «Халық қаһарманы» жайында өз ойларымен бөлісіп, жастарды елінің париоты болуға шақырды.

«Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек Жолы»

13 мамырда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында қазақ соқырлар қоғамы мүшелері және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек Жолы» танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында Ұлы Дала елінің тарихынан сыр шертетін қазақ халқының тұнып тұрған шежіресі Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы мен Түркі әлемінің генезисі туралы кеңінен айтылды.
Шара соңында «Ұлы даланың жеті қыры» «Жаңғырудың жандануы» атты 13 минуттық бейне ролик көрсетілді.

 

«Ер есімі ел есінде»

9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ер есімі ел есінде» атты тыл ардагері Цовбун Мая Ивановнамен кездесу кеші өткізілді. Кештің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін паш етіп, олардың өнегесін дәріптей отырып елжандылыққа тәрбиелеу. Кештің қонақтары көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатының оқушылары мен Қазақ Соқырлар Қоғамы мүшелері болды. Шара барысында Жеңіс туралы бейнежазбалар көрсетіліп, «Болашақ» мектеп – интернатының оқушылары Жеңіс туралы ән шырқап, бейбітшілік туралы би билеп, шағын сахналанған қойылым көрсетті. Мерекелік шараның соңында балалар тыл ардагері Цовбун Мая Ивановнамен суретке түсіп, өз кезегінде ардагер анамыз өскелең ұрпаққа тілегін білдірді.

 

«Жастар нашақорлыққа қарсымыз»

Зағип оқырмандарға жат қылықтардан аулақ болуға бағыттау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» атты акция өткізілді.
Акция барысында І топ көз мүгедегі Сертеков Бернар өскелең жас ұрпаққа қоғамымызда белең алған есірткі жайында кеңінен өз ойын ашық айтты. Сонымен қатар, қазақ соқырлар қоғамының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрмашева Гүлнұр есірткіге бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайтындығын кенінен жастарға ұғындырды.
Акция соңында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты бейне ролик көрсетілді.

«Поэзия әлемі – Маралтай»

Маралбек Райымбекұлына 50 жас толуына орай өлкеміздегі ақын – жазушылармыздың өрнегі мол жырларын зағип жандарға насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Поэзия әлемі – Маралтай» атты поэзия кеші өткізілді.
Шара барысында Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген қазақ поэзиясының Сырлы да Сырбаз Маралтай Райымбекұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, бейнеролик көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері мен зағип оқырмандар Маралтай Райымбекұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы талқылау, сыбайлас жемқорлықтың қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру мақсатында қызметкерлер арасында ақпараттық сағат өтті. 
Сағат барысында ұлттық баяндаманың: Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жемқорлықтың тарау жағдайы мен үрдісі; Қазақстандағы жемқорлықтың алдын алу шаралары жөнінде; жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қазақстандық қоғамның рөлі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңның даму үрдісі мен келешегі туралы ережелері талқыланды,қызметкерлер өз – ойларын ортаға салды.

 

 «Қазақтың қайсар қызы» 

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 95 жыл толуына орай оның ерлігі туралы баяндау, оқырмандардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, батырдың ерлігін үлгі тұтуға үйрету мақсатында атты патриоттық сағат өтті.
Шара барысында жас батыр қыздың ерлігі мен батырлығы туралы айтылып, Әлия Молдағұловаға арналған патриоттық әндер мен өлеңдер орындалды.

 

Кітапхана ісі бойынша         

әдістемелік құралдың

жүйелі картотекасы

 

Тараз – 2019

КІРІСПЕ

 

Бір кітапхана немесе бірнеше кітапхананың жинақталған кітап қорында бар баспа шығармаларының белгілі бір жоспар бойынша құрастырылған қор құрамының мазмұнын ашып көрсетуге, оқуға мақсатты басшылық жасауға, оқырмандардың кітап іріктеп алуына көмектесуге арналған тізбегі. Кітап қорының құрамындағы баспа шығармаларының алуан түрлері, тақырып жағынан сан салалығы, сондай-ақ оқырман сұранымының елеулі айырмашылығы кітапханада бағыты мен құрылымы жағынан әр түрлі каталогтар мен картотекалар жүйесін жасауды қажет етеді. Кітапхананың әрбір типы үшін Каталогтың қажетті минимумы белгіленген. Кітапхана толықтығына қарай бас каталог, орталық каталог және жинақты каталогқа бөлінеді.

Ал мына ұсынып отырған әдістемелік құрал көпшлік кітапханаларда  кітап қорын, каталогтары мен картотека жүйелерін ұйымдастыруға арналған.    Бұл таблицалардың негізгі міндеті – баспа шығармаларының мазмұнын ашып оларды білім жүйелерінің ғылыми негізделген ретті қатарлары бойынша көрсету және сол арқылы оқырманның кітап қорын пайдалануын барынша жеңілдету.

Көпшілік кітапханаларына арналған КБЖ таблицалары – КБЖ жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, КБЖ жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, ол түрлі типті кітапханаларға арналған таблицалардың әр түрлі дәрежеде бөлшектенген нұсқаларын қамтиды.

Баспа шағармаларына жазылған сипаттама карточкалар мазмұнына сәйкес, білім салалары бойынша орналастырылған, одан әрі қарай бөлімдер неғұрлым ұсақ бөлімшелерге бөлініп, логикалық бірізділікпен және бір-біріне бағынышты қойылған картотека құрылымын назарларыңызға ұсынамыз.

78     Кітапхана ісі. Кітапханатану. Библиография

78.3   Кітапхана ісін басқару. Басшылық және нормативті құжаттар

78.3 е/н  Кітапхана ісі бойынша ғылыми- зерттелген жұмыстар

78.3Р   Кітапхана мамандығы

78.34/2/Н    Кітапхана жұмысын  ұйымдастыру

78.34(2)П    Кітапхана жұмысын жоспарлау (жалпы, ағымды, келешекті)

78.34(2)7    Кітапхана жүйесін ұйымдастыру

78.34 (З)    Кітапхана ісі шет мемлекеттерде (жалпы)

78.342  Кітапханадағы әдістемелік қызмет (ұйымдастыру, жұмыстың түрі, бағыты)

78.348    Кітапхана мекемесі және жабдықтары

78.36      Кітапхана қоры және  оның құрылымы

78.37       Кітапхана қорының жүйесі және каталогтары ( Каталогтар (жалпы), Электронды)

78.38       Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Кітапханалық маркетинг              

78.381     Әдебиеттерді танымалдандыру түрі және әдісі. (Жалпы көпшілік жұмыс түрлері)              

78.381.1  Саяси- қоғамдық тақырыбы (Жалпы Қазақстандық, Патриоттыққа тәрбиелеу)

78.381.2    Тарих тақырыбы (Қазақстан тарихы, Қазақстанның белгілі қайраткерлері)

78.381.3    Қазақ халқының салт- дәстурі, мәдениеті (Тіл,Айтыс, Қыз сыны т.б)

78.381.4     Экономика білімі ( Статистика, Демография)

78.381. 5     Жастар туралы әдебиеттерді насихаттау

78.381.6    Әскери отансүйгіштік ( Қазақстан қарулы күштері ,Батырлары, Қазақстандық

                  ҰОС ардагерлері)

78.381.7    Ұлтаралық қарым- қатынастар     мәдениеті

78.381.8        Адамгершілікке тәрбиелеу  ( Басқа ұлттар туралы,  Отбасылық қарым-

                      Қатынас,  Махаббат және достық, Дін және басқа да ағымддық) 

78.381.9     Жаратылыстану ғылымдары және экология тақырыбы ( Қоршаған әлем туралы,

                   7 жеремет, Қорықтар, Таулар, Өсімдіктер , Жануарлар әлемі, Балықтар,

                   Қазақстан аумағындағы экология)                

78.381.10   Құқық тақырыбы

78.381.13    Еңбек туралы

78.381.14   Ауылшаруашылық.Техника.  Жолда жүру ережесі

78.381.16    Өнер туралы ( Эстетикалық тәрбие,  Музыка,Эстрада.ХО, Театр.Цирк.Кино ,  

                    Қазастанның белгілі өнер қайраткерлері)       

78.381.17  Көркем әдебиет (Қазақстан әдебиеті,  Қазақстан ақын-жазушылары, Жергілікті

                  ақын- жазушылар, Ресей әдебиеті, СНГ,Шетел әдебиеті)                   

78.381.18   Денсаулық туралы әдебиеттерді танымалдандыру ( Денсаулық сақтау,

                  Медицина, Спорт және физкультура, Жат әдеттермен күрес, Спорттық қабілет)

78.381.19   Білім және оқу процессі  және білім көтеру (Мұғалімдермен жұмыс, Алғашқы   

                   Қоңырау.  Соңғы қоңырау.  Әліппемен қоштасу.  Тәрбие бұрышы)

78.381.20    Өлкетану біліін танымалдандыру (Қазақстан бойынша, Облыс көлемі)

78.381.21     Аталып өтілетін   мерейтойлар ( 1 Мамыр-Қаз.Халық.күні,  Жеңіс күні,  

                     Тәуелсіздік,Желтоқсан, Республика күні ,  22 Наурыз, 8 Наурыз, т.б)

 

Тараз, 2019

Кіріспе

            Құрметті оқырмандар,  жыр сүйер қауым! Табиғат – Ананың төсін еміп, кеудесінде жүгіріп ойнаған қаймана қазақ қашан да от ауызды, орақ тілді ақиық ақындарға, жайсаң жазушыларға кенде болған емес! Нар аунаса жүк қалған, тұлпар аунаса түк қалған киелі мынау өлкеде бүгін тағы да үлкен мереке!

Біздің  елімізде рухани мұрамызды сақтау мақсатында   республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

 Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.       

 «Бір ел – бір кітап» акциясы Абайдың «Қара сөздерімен» басталып, Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романына, Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына, Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын », Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романына жазушы Оралхан Бөкейге, Фариза Оңғарсынованың «Дауа», былтырғы жылы  Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдалса.

Республикалық “Бір ел – бір кітап” акция комитеті мен әлеуметтік желідегі оқырмандардың таңдауы арқылы 2019 жылы жазушы Әбіш Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” романы және ақын Әбділда Тәжібаевтың  өлеңдері таңдап алынды.

           Міне осы тұрғыда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  жазушы Әбілда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Жүректен орын алған түлға» атты әдістемелік құралын ұсынып отыр.

 

  «Біздің поэзияда барлығы бар, жолдастар. Бұлдыр көретін көз емес, жарық, айқын көретін көз керек. Оны айтатын сөз керек. Сылдыр сөз емес, ғылыми, азаматтық сөз керек»

                                                         Әбділда Тәжібаев

 

 

“Сыр елі- жыр елі”

Әбділда Тәжібаевтың өмірбаяны

Әбділда Тәжібаев – туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.  Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. “Сыр елі-жыр елі” атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.

 Әбділда Тәжібаев (1909-1998) Қызылорд қаласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген. Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды.

 Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді.

 Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.

 Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар

берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.                    

Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.

 Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған. Жаңа бір түсіп, шам сөнді, Ашыла түсіп, гүл солды, – деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған. Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақын кейін өзінің “Еске алу” деген шағын поэмасында отбасының жетім-жесірлік қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесі туралы жүректе шер боп қалған аңсары жайында: Есімде жоқ шын суреті, Әкем менің қандай кісі. Тек елестей бұлдырайды Әлдекімнің көлеңкесі, – десе, өмірге де, еңбекке де, өнерге де бейімдеп тәрбиелеген аяулы нағашы атасы туралы “Сыр жырлары” топтамасында жер ортасы жасқа келген ақын: Кейде түске кіреді, Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін, Нағашы атам таяғын. Жүгіремін жағалап,

Сырдың жайпақ жағасын. Кәрі көзбен сығалап, Қарар маған нағашым. Бірде қуып жүремін Шіркей мен шыбынын. Айдап бірде жүремін Нағашымның шығырын… Босайды екен көңілің Туған жерге келгенде: Көрініп тұр жып-жылы Көп тырнаған шеңгел де. Кейде түске кіреді Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін Нағашы атама таяғын, – деп еске алады. Жоғарыда аталған поэмасының кейіпкері қаладағы оқу орнына аттанғаны туралы: Қар да құйды жапалақтап, Тоқтамастан бастым алға. Тұңғыш ізім бақыт қуған Тұңғыш жауған түсті қарға, – дейді. Бұл Әбділданың өзі туралы айтылған сөз еді. Шынында да, ол 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді.

Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді Еңбек жолын “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың “Жұмысшының гудогі” өлеңі 1926 жылы “Жұмысшы” газетінде басылады. Бұл – оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері “Жұмысшы” және “Еңбекші қазақ” газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. “Жаңа ұрпақ” (1935), “Лирикалар” (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі “Оркестр”, “Абыл”, “Толағай” сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған “Ақ қайың” деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: “Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын” деп (1939) бағалайды.

 Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. “Қазақ әдебиеіті” газетінің бас редакторы болады.

1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын

көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.

 

Слайд

 

              Слайд тақырыбы: «Толағай ақын, толастамас жыр» Слайд 9 беттен тұрады. Бұл слайд Әбділда Тәжібаев өмірбаяны, шығармалары туралы.                                                                           

       Осыған орай,  кітапханасында  «Бір ел- бір кітап» акциясының ашылу салтанаты ұйымдастыруға болады. Акция барысында  белсенді оқырмандар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқу. Экраннан кітапхана жайлы деректі фильм көрсетіліп, кітап  хит парады ұйымдастыру.  Шараға жергілікті ақын-жазушылар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен  студенттері,  БАҚ өкілдері қатыстыру. Кітап көрмесіне және даналық ағашына  библиографиялық шолу жасау.

Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі

 Мақсаты: Ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру және шығармашылығымен таныстырып,туған жеріне, табиғатына арнаған «Сырдария» өлеңі арқылы өскелең ұрпақты туған жерін бағалауға ыстық екендігін сезінуге, сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту. Туған жерді, елді сүюге, табиғат анамызды қорғауға, құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.

 

Түрі: Сұрақ- жауап кеші

 

Көрнекілік: Ақынның өмірімен шығармашылығына арналған слайд, Кітап көрмесі, суреттер,домбыра, күй.

 

Барысы:  Сәлемдесу.оқырмандарға  жағымды ахуал туғызу. Бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ – жауап арқылы бір- біріне жақсылық пен сәттілік тілейді.

            Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділдә Тәжібаев ағамыздың өміріне, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.

Түсіну: 1.Өлеңді мәнерлеп оқиды. 2.Сырдарияны картадан көрсету. 3.Оқырмандарға өлеңді мәнерлетіп оқытыу. 4. Бейнесюжет

Кітап көрмесімен жұмыс. «Сырдария» өлеңін сатылай талдау

 1.Авторы – Ә. Тәжібаев

  1. Тақырыбы – Туған жер
  2. Идеясы – Туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу
  3. Жанр түрі – Поэзия
  4. Лирикасы – Табиғат
  5. Шумақ – 9 шумақ

        Кітаппен жұмыс (слайдпен жұмыс).
1. Гейне – неміс ақыны

  1. Рейн – Германиядағы өзен
  2. Тарас – украин
    4. Днепр – Украинадағы өзен
  3. Пушкин – орыс ақыны
  4. Еділ (Влога) – өзен
    – Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.
    1) Өлең тақырыбы не жайында?

2) Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді?

 3) Оны қай жолдардан байқауға болады?

 4) «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? 5) Анаға ұқсас ұғымды қалай, не арқылы білдіреді?

 6) Лирика деген не?

7) Бұл өлең лириканың қай түріне жатады?

Қорытындылау.

 

Ақын жайлы қаламгерлер пікірі

            Қазақтың аса көрнекті ақыны Әбілда Тәжібаевтің «Сырдария» кітапханасының құрамында берілген 5 томдық шығармалар жинағының 1 томына ендірілген өлеңдері ақынның 1978 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген 5 томдық шығармалар жинағының І, ІІ томдарынан алынды. Ақын шығармалары толық қамтылғандықтан, біз осы жинақты негізге ала отырдық. Сондай-ақ ақынның республикалық, облыстық және жергілікті баспасөздерде жарияланған шығармаларын назардан тыс қалдырғанымыз жоқ. Бұл томға ақынның 1928-1960 жылдарда жарық көрген туындылары ендірілгендіктен, осы уақыттар аралығында жарық көрген жекелеген кітаптары: «Жаңа ырғақ» (1934), «Өлеңдер мен поэмалар» (1949) , «Сүйген жүректер» (1951), «Аралдар» (1958)т.б. қайтадан қарап, 1978 жылғы жинақтағы шығармалармен салыстырып алдық. Ақын

өлеңдері осы жинақтардағы қалпын сақтап, ешбір өзгеріссіз алынды. Ақын шығармашылығының алғашқы кезеңдеріне тура келгендіктен бұлжинақтағы өлеңдердің көпшілігі – социалистік реализм әдісінің жемісі. Саясат, үгіт-насихаттың бағыттарға көбірек басымдық берілетін мұндай шығармалар өз уақытының үні мен сыры болғандықтан, оларды редакциялау не қысқарту біздің мақсатымыз емес. Біздің міндетіміз ақын шығармаларын мүмкін болғанынша толық қамту болып табылады.

Қазақ поэзиясының Кеңестік кезеңінің бүкіл тыныс-тіршілігі толық танылатын Ә. Тәжібаев өлеңдерін жазылған жылдарына сәйкес хронологиялық тәртіпті сақтай отырып, осы жинаққа енгіздік.

                                                                                         Бағдат Кәрібозұлы

Әбділда тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер. Екіншісі – поэмалар. Үшінші саласы – пьесалар болады.

Лирикалық қысқа шығармаларынан бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады. Бұл ақынның өзі туған өлке, өзеніне — Сыр бойына арналған өлең. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа, әсем әндей шыққан анық көркем жыр.

Сыршылдық шығармалардың Әбділда тудырған көркем өрнектерді көп деуге болады. Бұған «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Келіншекпен кеңес», «Қойшы жыры», «Достық жыры» және үлкен көркемдікпен қоса әлеуметтік сана-сезімін терең танытатын әрі күйлі нақысты, әрі толғаулы «Оркестрді» қосуға болады. Лирикалық шығармалардың соңғы бір кезеңінде, Әбділда ақындығының бұл жанрда – үлкен шыншылдық және шын шеберлікке жеткен сатысын танытатын жетім балалық шақты толғаған өлеңдері.

Тағы бір топ поэмалары тарихи тақырыптарға, тарихи аңызға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Кілемшілер туралы ертегі», «Толағай», «Мерген» т.б. Пьесалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» т.б.

Жыл санап өнер арттырып, жазушының мәдениетіне терең бойлап, қазақ поэзиясына қызықты жемістер беріп келген Әбділда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады.

                                                                                             Мұхтар Әуезов

Ол – әдебиеттің тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген, жаратылыстан қайсар мінезді, адал ер азамат еді.

Әбділда Тәжібаев — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінен ала бастаған ол содан бергі дәуірлердің барлығында да қазақ халқының өмір шындығын белсенді жырлауға үн қосып, өнерпаздық тәжірибесін жетілдірді. Оның поэзия саласындағы еңбегіне қоса, ұлттық драматургияны, әдеби-сыншылдық ойларды дамытуға қосқан үлесі де аз емес. Ақынның, әсіресе қазақ лирикасын ойлы, сырлы нақыштармен байыту жолындағы еңбегі атап айтарлықтай.

                                                                                        Рахманқұл Бердібаев

 

Әбділда Тәжібаев өлеңдері:

Көкек

Бір қонып, бір секектеп,
Атым менің «көкек!»- деп.
Керек болса саған жаз
Келдім дейді жетектеп.
Қорықпандар жаз өтет деп,
Мен ғой келген жетектеп,
Тұрады жаз тамылжып,
Қойсам болды «көкек!»- деп.

Отарбада

Бейне перне тізілген,
Шпал қалай көп еді,
Шегіндей домбыра
Рельстер күй төгеді.
Басып перне күй гулеп,
Міне отарба жөнеді.
Қазақстан ән-жырын
Өрге тартып келеді.
Жүйрік болат паровоз
Мені де өрге тартады,
Шайқап жарық вагондар,
Бойда қуат артады.
Терезеден қараймын,

Дөңгелейді айналам.
Қандай жүйрік отарбам,
Қандай қызық заманам!

1936

Алыстан хат

Сезсең кейде соққан жылы
Жаздың жанға жайлы лебін,
Жат көрме, ол аңсап сені
Ақырын менің алған демім.
Сыбырласса көк жапырақтар.
Тілдескендей қоңыр желмен –
Тыңда да сен, сыр алып қал
Сыбырлаушы онда да мен.
Терезеңнің әйнегінен
Ай қараса айдын көктен,
Мен де қарап тұрмын бірге
Ойлан, гүлім, ұйықтап кетпе.

 

1943

 

Асам деп Алатауымнан

 

Асам деп Алатауымнан
Қап-қара бұлттар келеді.
Демінен соғып қар, боран
Қанатын жая төнеді.

Күркірейді көк долы
Жалтылдатып семсерін.
Тосып тұр оның тау жолын
Кеудесін кернеп ер сенім.

1947

 

Бар еді бір жылқышы

 

Бар еді бір жылқышы
Танысып ем жайлауда.
Қағушы еді домбыра
Қыз ұзатқан тойларда.
Ағып тұрған әнші еді
Арнап туған сайрауға.
Тоймаушы еді талғанша
Түнде ақсүйек ойнауға.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
Жылқышы бір, жел де бір
Жел қайда деп кім сұрар?
Жүйрікті таңдап мінгеннің
Өзінде ғой ықтияр.
Я бір биік жартаста
Ортекедей тұр шығар,
Я бір жасыл жазықта
Желідей есіп жүр шығар.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.

1957

 

Бір драматург туралы

 

Ұзақ түнде көп күшенді ісініп,
Пьеса шіркін шыға қоймай, қысылып.
Жамап-жасқап қырық шоқпытты ақыры
Көріп еді театрға ұсынып,
Жаман астай жаздыкүнгі жақпаған
Жақсы артистер ауырыпты ұшынып.

Балаларға

Жатыр жолын жалғасып ұзақтарға,
Кейде құлап кетеді құзаттарға.
Жалтаң-жалтаң артыңа көз тастайсың.
Бас ілгері, сескенбе, адаспайсың.
Жалтаңдама, шырағым, бойыңды жи,
Күтер сені орында үйренген үй.
Сақал шықпай оралма сағынсаң да,
Мұз төсеніп, суық қар жамылсаң да.
Қиыннан тап ұясын бақытыңның,
Қадірлей біл минутын уақытыңның.
Жарыңды да іздей біл сол ұзақтан,
Әділ серік болмас-ты оңай тапқан.

1955

 

Алтын ай

 

Терезеден тесіліп,
Қарасам сұлу далаға.
Айды көрем қалғыған
Ұсаған жас балаға.
Жастанғаны жұмсақ бұлт,
Жұмсартыпты жамбасын.

Жатыр жалқау бүркеніп,
Сүйіп ұйқы жолдасын.
Аш көзіңді, алтын ай,
Көміле берме ұйқыға!
Оятамын, қоймаймын,
Жатқызбаймын ұйқыда.
Бөлене бермей бесікке
Аш көзіңді, алтын ай!
Өлеңнен өрнек кестелеп,
Отырмын мен де ұйықтамай.
Ұйықтама, тыңда, алтын ай,
Айтайын қызық сырларды.
Сырласып сұлу далада
Күзетейік қырманды.
Аш көзіңді, алтын ай,
Көміле берме ұйқыға,
Оятамын, қоймаймын,
Жатқызбаймын ұйқыда.

1934

 

Ауылдағы азан

 

Естуші едім ауылда
Молдамыздың азанын.
Азан үні шыққанда,
Кетіріп жол тозаңын –
Намазға жұрт баратын,
Мешіт лық-лық толатын,
Барлық мойын иіліп,
Барлық қабақ түйіліп,
Тірлік қамын ұмытып,

Бір Аллаға сыйынып –
Құблаға жұрт құлайтын,
Иман, ұжмақ сұрайтын.

Балапандар жыры

Қақтық қанат балапандай
Жасыл дала көк торғында.
Қызыл шешек дамыл алмай
Қол бұлғайды кел деп мұнда,
Қақтық қанат балапандай
Гүлден гүлге, нұрдан нұрға.
Әнші бұлбұл дамыл алмай
Дейді бізге жырла, жырла.
Қақтық қанат балапандай
Айдын келге, ағын суға,
Айдай аққу дамыл алмай
Шақырады үн қосуға.
Қақтық қанат балапандай
Бақытты Отан құшағында.
Бізден ерлік көзін алмай
Шақырады кел деп мұнда.

1940

 

Алатау

 

Ұқпаймын тілін теңіздің,
Таныған жоқпын тереңін.
Білмеймін сырын толқынның,
Білмеймін сырын кеменің!
Сүйемін туған тауымды,
Тәкаппар оның тұлғасын,
Бөгеген тентек дауылды,

Бүкпеген тізе мың ғасыр.
Киініп сауыт көк мұздан,
Жамылған қардан желеңін,
Ұшырып бүркіт шың, құздан,
Жаттатқан маған өлеңін.
Жатсам түнде дамылдап
Күзетімде ол тұр менің.
Тілегендей сыбырлап,
Тірлігімді бір менің.
Пердесін түннің ысырыіт,
Тұрғызады ол – таңды да,
Көтеріп күнді ұсынып,
Тартады менің алдыма!

1947

 

Ақын

 

Кеудесі шын акынның күй сарайы,
Алады төгіп-төгіп келсе орайы.
Жаңбырдай нажағайлы нөсерлеткен
Жерінде гүл шайқалар құйып өткен,
Жас дүние алдында үміт, жас ұрпағы,
Жарқылдар жаздай жасыл болашағы,
Бүгіннен ертеңіне қадап көзін
Арнайды аңсап ақын соған сөзін.
Мінезі әулиедей ел айтатын,
Құлқынға құл болуды білмейді ақын,
Жаны әзір сүйгені үшін құрбандыққа,
Бүкпесіз жүрек сырын айтар жұртқа.
Қүласа сеніммен бір кұлайды,
Аяныш сонда ешкімнен сұрамайды.

 

Қамыспас қас болаттай кектенгенде,
Қарғысы атқан оқтай жек көргенге.
Көрсең де осы ақынның қай мінезін
Оқушы, түсін өзің, кешір өзің.

1959

 

Бес түлік жыры Бөрте лақ

 

Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме демінді ал
Селтеңдемей кұлағың.
Марқа туған бөрте лақ
Әңгімеме сал құлқк.
Ойнай көрме тым ұзап:
Боп жүрмесін бөрі тап.
Секіре ме, нетеді,
Тау текеден өтеді,
Сына ма деп тұяғың –
Сенен зәрем кетеді.
Шоли берме жан-жақты,
Болшы, бөртем, салмақты,
Жөнемексің, шұбыртып
Бар қозыны, бар лақты.
Шұнаңдама, қағынба,
Тарта берме қалыңға.
Жібермеймін тым ұзақ,
Жайылыңдар маңымда.

 

Алматы

 

Алматымыз астанасы қазақтың,
Тұрамын мен сол қаланың өзінде.
Рим да емес ол, Париж да емес мақтаулы,
Ұқсасы жоқ бүкіл дүние жүзінде.
Қала емес ол – сіздер көрген, достарым
Суреті оның басқалардан өзгерек.
Жырлау үшін оның жерін, аспаның
Ескірмеген, естілмеген сөз керек.
Қай қалада осынша алып емендер
Қөшелерге жайып қанат шығады.
Қай қалада алтын бұйрат теректер
Жапырағымен көкті сүртіп тұрады
Әрбір гүлге бір бүлбүлдан сайраса,
Әр сұлуға жыр шертеді бір ақын.
Әрбір көңіл жоғарыға қомданса,
Бұлттан да әрі тауымыз бар шығатын,
Желпіп өтсе жібек самал лебімен,
Ақ жаңбыр кеп астанамды шаяды.
Тартып шеңбер бояулары көгімнен
Қемпірқосақ кең құшағын жаяды.
Сүюшілер күн мен гүлді жанындай
Алматыма – астанама келіңдер.
Достарыма казақ дастарқанындай
Ақ пейілдер жайылғанын көріңдер!

1957

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

ӘБДІЛДӘ ТӘЖІБАЕВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫНАН:

            Тәжібаев, Әбділда. Өмірім менің … [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / Ә. Тәжібаев. – Алматы : Атамұра, 2006. – 288 б. : cурет. – (Атамұра кітапханасы).

Тәжібаев, Әбділда. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін] . 3-т. Поэмалар мен драмалар / Ә. Тәжібаев ; құраст. Қ. Ергөбек ; ред. Ш. Рақымбекова. – Алматы : Ана тілі, 2009. – 272 б : фотосурет.

 Бұл кітаптарға қазақ поэзиясының ақтаңгері Әбділдә Тәжібаевтың әр жылдары жарық көрген өлеңдері мен поэмалары енгізілген.

 

МЕРЗІМДІ  БАСЫЛЫМДАРДА  ЖАРИЯЛАНҒАН  ШЫҒАРМАЛАР:                                 Кекілбаев, Әбіш. Аңыздың ақыры [Мәтін] : роман / Ә. Кекілбаев //

Жамбыл. – 2015. – №1. – Б. 3-37 ; №2. – Б. 3-43. – жалғасы келесі санда.

            Жазушы Әбіш Кекілбайұлының әлем әдебиетіндегі ешбір шығармаға ұқсамайтын романы берілген.

          Айтұлы, Несіпбек. Әбділда ақын [Мәтін] / Н. Айтұлы // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 16 қаңтар (№1-2). – Б. 13 : фот.

          Әбділда Тәжібаев (1909-1998) [Мәтін] : еске алу // Жұлдыздар отбасы. – 2013. – №7. – Б. 31-35 : цв.ил.

         Дәуітұлы, С. Өлең – жырдың дүлділі [Мәтін] / С. Дәуітұлы // Керуен. – 2009. – № 04. – С. 133 – 145.

           Мақалалардан жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясының аса ірі өкілі Әбділдә Тәжібаевтың шығармашылығымен танысасыздар.

 

 

 

Құрастырушы: Ж. Таласбаева

Мекен жайы: Тараз қаласы,

С.Ақкөзиев көшесі, 5 үй,

Телефоны: 56-88-09

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жасаған «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қолданбасын AppStore (https://play.google.com/store/apps/details…)
және Play Market (https://itunes.apple.com/…/kazakhstan-land-gr…/id1117366063…) арқылы жүктей аласыздар.Ол үшін іздеу жолағына – «Kazakhstan Land of the Great Steppe» деп енгізу қажет.

 

«Зағип жандардың өзекті мәселелері»

Кітапханамыздың зағип оқырмандарының қазіргі таңдағы өзекті мәселелері бойынша  мемлекеттік мекеме өкілдерімен пікір алмасып,  жеке бастарындағы мәселелерінің шешімін тауып, және оны  шешу мақсатында «Зағип жандардың өзекті мәселелері» деген тақырыпта ҚСҚ мүшелерімен бірігіп  кездесу кеші  өткізілді. Кездесуге  Жамбыл облыстық офтальмология орталығының бас дәрігерінің орынбасары Дарменқұлов Нурлан Қабылұлы,  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекшісі, ұйымдастыру және лицензиялау бөлімі басшысы міндетін атқарушы Отарбай Лаура Отарбайқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарушысы  бас маманы Досалиев Нурбол Бейсенұлы, Тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік шаруашылық  бөлімінің бас маманы Зугеров Нутфулла Мирхамедұлымен, Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған  спорт клубының басшысы Бейсенбаев Саттар Ерғалиұлы  және кітапхана қызметткерлері  қатысты.

Зағип оқырмандар тарапынан ҚСҚ мүшелері денсаулық сақтау саласы бойынша көз мүгедектеріне көрсетілетін тегін медициналық ем, тегін дәрі-дәрмек, жыл сайынғы берілетін санаториялық жолдамалар туралы сұрақтар қойылды. Тұрғын үй мәселелері бойынша зағип оқырмандар кітапхана ғимаратына әкелетін жол және зағип жандардың қала ішінде кедергісіз жүру үшін арнайы тактилді жолақтарды орнату туралы  сұрақтар қойды. Сонымен қатар үй кезегінде  тұрған мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын туралы ақпарат естіді. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының маманы Саттар Ерғалиұлы  оқырмандарымызды спортпен шұғылдануға шақырып, спорт клубындағы зағип жандарға арналған спорт түрлері туралы мәлімет бере отырып, оқырмандар қойған сауалдарға жауап берді. Кездесуге келген мамандардан зағип оқырмандар өздері  қойған сұрақтардың бәріне қанағаттандырарлықтай жауап алды.

                  

«Зияткерлік меншікті қорғау» Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықты кеңінен қамту және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне құқық иеленушілерді тарту үшін 2019 жылдың 6-17 мамыры аралығында Республикалық «Контрафакт» акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған акция шеңберінде:
1) 2019 жылдың 10 сәуірі мен 3 мамыры аралығында «Контрафактке жол бермеу» тақырыбына үздік қысқа бейнеролик (vine) конкурсы (жас санаты 18 жас, әрі одан жоғары);
2) 2019 жылдың 10 сәуірі мен 3 мамыры аралығында 14-16 жас санаты арасында «2050 жылғы зияткерлік меншік және мемлекет үлгісі» атты үздік эссеге конкурс (аймақтық кезең 10 сәуірінен бастап 26 сәуіріне дейін);
Аталған байқаулардың ережесін ұсынамыз.

«Сағадат Нұрмағанбетов туралы не білесіз?»

Халық Қаһарманы, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлын еске алуға арналған «Сағадат Нұрмағанбетов туралы не білесіз?» атты оқырмандар турнирі көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатының оқушылары арасында өтті.
Шара барысында мектеп – интернатының оқушыларына Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтың өмірбаяны мен қызметі және елге істеген ерен еңбегі жайлы «Ұлы дала ұлағаты» атты бейнеролик көрсетілді. Балаларға тұлға туралы викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, халық Қаһарманы өмірінің қызықты деректерімен танысты.

       

     «Кітап ақылшың, әрі досың»

2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай  №10 орта мектеп оқушылары арасында   «Кітап ақылшың, әрі досың» атты тақырыппен ашық есік күні өтті.

Ашық есік барысында  оқушылар өз бойына қажетті кітап жайында білім алды. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғынып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, баспадан шығу жолын және де ғылым мен білімнің пайдасы жайлы білді.  Сонымен қатар оқушыларға кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында кітапханамыздағы түрлі тақырыптағы кітап көрмелерімен танысты. Әсіресе оқушылардың қызыға тамашалаған Тифлология саласы бойынша және «Ұлы далының жеті қыры» көрмелері болды.

 «Салт – дәстүрім асыл қазынам»

Тарихты терең білетін Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның ұлттық құндылықтар  мен ұлттық бірегейлікті сақтауды және мәдени дамуын тілге тиек еткен. Елбасымыз ұлттық салт-дәртүрді сақтай отырып алға жылжу керек екенін ұқтырды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында, 22 наурыз мерекесіне орай, «Қазақ соқырлар қоғамы» Жамбыл облыстық филиалымен бірлесе отырып, зағип оқырмандармен  «Салт – дәстүрім асыл қазынам» атты мерекелік кеш өтті.

Кеш «Ташкент» кафесінде өткізілді: Зағип оқырмандар және кітапхана ұжымының қатысуымен ұйымдастырылған  мерекелік концерт  барысында кітапхана қызметкері І-ші топ көз мүгедегі Ербол аға мерекеге қатысушы қоғам мүшелері мен басқада қатысушыларға  бақ – береке, ынтымақ пен бірлік тілеп, жиналған көпшілікке ақ батасын берді. Дәстүр бойынша мол дастархан жайылып, наурыз көже таратылып, тәттілер мен  ән – жырдан шашулар    шашылды. Мерекелік кештен қоғам мүшелері зағип оқырмандар, арнайы шақырылған қонақтар әдемі көңіл – күймен тарқасты.

                        

«Ол әлемге жүрегімен үнілген»

Француз тифло –педагогы, бедерлі нүктелі қаріптің негізін қалаушы Л.Брайльдін туғанына 210 жыл толуына орай  «Ол әлемге жүрегімен үнілген»  атты дөнгелек үстел «Болашақ» мектеп – интернатының жоғарғы сынып оқушылары арасында   өтті.

Шара барысында оқушыларымызды  Л.Брайльдін өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, кітапханамыздың белсенді оқырмандары мен ҚСҚ қоғам мүшелерімен қоғамдағы зағип жандардың мәселелері туралы  пікір алмасып, сұхбаттастық.

«Сиынар ем, Ана деген тәңірге»

7 наурызда Халықаралық әйледер күніне орай Қазақ соқырлар қоғамының көз мүгедектері арасындағы көп балалы, белсенді аналарға және кітапханамыздың ардагерлерге құрмет көрсету  мақсатында «Сиынар ем, Ана деген тәңірге» атты әдеби сазды – кеш өткізілді.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері Нургалиева Рамина, Құрақбаева Гүлнұр  мен тұрақты зағип оқырмандары Оңғарбаева Қолқанат пен Ақпаев Нұрсұлтан өз авторлық туындысының тысаукесерін жасап, әдемі әндерін ортаға салды және де т.б кітапхана оқырмандары өз өнерлерімен бөлісті. Кеш соңында аналарымыз тамаша көңіл күймен өз алғыстарын жеткізді.

              

«Алғыс айту – парызың»

1наурыз күні кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні – бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналуына орай, оқырмандарға, жастарға Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту сыпайылық қарым – қатынасын дамыту; – әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеумақсатында «Алғыс айту – парызың» атты мерекелік сазды кеш өткізілді.
Кеште біздің іс-шараларға ұжымымен қатысып, бірлесе жұмыс істегені үшін «Болашақ» мектеп интернатының басшысы Тойшыманова Гүлзира Джақсыбекқызына, ҚСҚ-ы қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Нұрмашова Гүлнұр Омарқызына және тұрақты зағип оқырмандарымызға алғысымызды білдірдік.

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

«Сыбайлас  жемқорлық- түбі қорлық»

  25 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талабын түсіндіруге және кез келген ортада пара беру мен пара алудың  жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту, қызметкерлердің барлық құрамын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту мақсатында Қазақ соқырлар қоғамының қызметкерлерімен қосыла отырып «Сыбайлас  жемқорлық- түбі қорлық» атты сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында қызметкерлер өз – ойларын ортаға салып, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтіндігін, жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екені  айтылды.

«Жақсылық жаса»

«Жақсылық жаса» акциясы аясында кітапхана ұжымы көзі зағип болғанымен, көңірек көзі ояу оқырмандарымызға қайырымдылық жасап, азын – аулақ азық – түлік жеткізіп берді. Оқырмандарымыз  разы болып, алғысы мен жақсы тілегін жаудырды.

     

«Біздің өлкенің мақтаныштары»

Жерлес қаламгеріміз “Ақ жол” газетінің директоры және бас редакторы  Көсемәлі Сәттібайұлының 60 жас мерейтойына орай  жастардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани жан- дүниесін байыту, жергілікті жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітаптарын Брайль қарпіне аудару мақсатында  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Жамбыл облыстық кино орталығы бірігіп «Біздің өлкенің мақтаныштары» атты  кездесу кешін өткізді. Кешке зағип балаларға арналған “Болашақ” мектеп интернатының оқушылары мен “Қазақ соқырлар қоғамының”  мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

             

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

21 ақпан Халықаралық ана тілі күніне орай мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға, ана тіліміздің ерекшеліктерін насихаттау мақсатында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты әдеби – сазды кеш Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатының 4,6,10 сынып оқушыларымен өтті.

Кеш барысында 2,4,6 сынып оқушылары ана тілі туралы  нақыл сөздерді және өлеңдерді оқыса,  10 сынып оқушылары ана тілі туралы әндерді нақышына келтіре орындады.

Кеш соңында кітапхана қызметкері «Ана тілім – асыл қазынам» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Кештің әсерлі өтуіне «Болашақ» мектеп – интернатының ұжымына алғысымызды білдіреміз.

              

«Мәдениет халықтың рухани байлығы»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында мәдениет туралы жалпы ой өрісті дамыту мақсатында зағип оқырмандар мен қызметкерлер арасында «Мәдениет халықтың рухани байлығы» атты сұрақтар мен жауаптар кеші өткізілді.
Шара барысында қызметкерлерге және зағип оқырмандарға мәдениет саласы бойынша қызықты сұрақтар қойылып, қысқа метражды дыбыстандырылған қазақ киноларынан бірнеше үзінділер назарға ұсынылды.
Қатысушылар арасында мәдениет жайлы кеңінен ой қозғалып, сұхбат жүргізілді. Кітапхана қызметкері Азимқұлова Мая қазіргі жастар өміріндегі мәдениеттің маңызы үлкен екенің, сондай – ақ Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мақсаты да мәдениетімізді дамыту үшін жасалған жоба екенін атап айтты.

«Рухани жаңғыру-жастар болашағының кепілі»

8 ақпан күні облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың арнайы кітапханасы бүгінгі жас  ұрпақтың бойында ұлттық сананы ояту мен жастардың санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,  ұлттық рухты сіңіруге бағыттау   мақсатында  «Рухани жаңғыру-жастар болашағының кепілі» атты пікір талас өткізді.  Пікір талас №10 орта мектебінің 8«а» сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушылар пікір талас барысында өздерінің беленділігін танытып, өз ой пікірлерімен бөлісті. Оларға болашақта жастар арасында болып жатқан әлімжеттілік, тәртіп бұзушылықтардан  бойларын аулақ ұстауларына  кеңестер мен ақпараттар берілді.

«Ауғаннның отты жалыны»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Жамбыл облыстық кино орталығы бірлесе ұйымдастырылған өз Отаның шексіз сүйетін, патриоттық рухы асқақ, қайсар жандардың ерлігін үлгі тұту мақсатында «Ауғаннның отты жалыны» атты кездесу кеші өтті. Кешке өмірінің өлшеулі бір бөлігі- жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангерлер Атабаев Ербұлан мен Сәрсенбаев Бекболат қатысты. Кездесуде сол бір сұрапыл соғыстың естеліктері ортаға салынды. Ел абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз.

      

Мақұлбек Рысдаулетке 70 жас

17 қаңтарда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі Мақұлбек Рысдаулетке 70 жас толуына орай әдебиеті мен адами болмысы, өмірі мен шығармашылығы жөнінде жан-жақты естеліктер айтылуымен, қайраткер тұлғаның қоғамдық қызметтегі еңбектерін таныстыру мақсатында жазушының шығармашылығына арналған әдеби вернисаж өтті. Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, «Күміс белдік», «Желсаз», «Тәуелсіздік – туымыз», «Көңіл құсы», «Тарих тамырлары» атты кітаптарына шолу жасалды. Іс- шарада азаматтық ұстанымын, тұлғалық болмысына баса тоқталып, жазушының өмір жолынан қысқаша ақпарат берілді.

Презентация Microsoft PowerPoint 

  

«Таңғажайып жаңа жыл»

27 желтоқсанда Жамбыл облыстық көзі  көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасыда Қазақ Соқырлар Қоғамының мүшелерінің балаларымен «Таңғажайып жаңа жыл» атты ертеңгілік өткізілді.

Шара барысында арнайы кітапхана қызметкерлері мен зағип оқырмандар бірге жаңа жылдық шыршаны айналып, «Жаңа жыл» әнін орындап, бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. «Маша мен аю» ертегісінің желісінде шағын қойылым көрсетіліп, Аяз ата мен Ақшақар, Сайқымазақ пен Сиқыршы және басқада ертегі кейіпкерлері балаларға өте жоғарғы деңгейде көңіл күй сыйлады.
Шара соңында кітапханада арнайы әзірленген жаңа жылдық сыйлықтар таратылып, көңілді ән мен биге ұласты.

«Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте»

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихын насихаттау, желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген құрметтерін арттыру мақсатында «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты әдеби – жыр кеші Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері арасында өткізілді.
Іс – шарада № 26 мектеп оқушылары Эрньст Айым, Тубек Саламат, Қожахмет Абдурахман, Маркаш Айдын, Сапаров Жандос Желтоқсан оқиғасын көрініс арқылы көрсетіп, Қайрат Рысқұлбековтың «Ақтық сөз» өлеңін нақышына келтіріп оқыды, ал кітапхана әдіскері Метеркулова Фарида Коммунар Табейдін «Мұзда жанған алау», «Қайсар рухты қазақ» және Тәуелсіздік туралы кітаптарға шолу жасады. Оқырмандар жазықсыздан жапа шеккен жастардың еске алып, рухына тағзым етті.

    

   

«Сыбайлас жемқорлық –өркендеуге бөгет»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне бағытталған сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында 6- желтоқсанда №10 мектеп оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық –өркендеуге бөгет» атты тейбл-ток өткізілді. Іс- шара барысында «Жемқорлық түбі- қорлық» атты баяндама оқылып бейнематериялдар көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамымызға зияны жан-жақты талқыға түсіп, оқушылар пікірімен сараланып,  тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін ұсыныстарын білдірді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа  жол   бермейтіндерін  айтты.

    

«Қазақ – тәуелсіздігінің сәулетшісі»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 1 жетқосан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы «Болашақ» мектеп –интернатының оқушыларымен «Қазақ – тәуелсіздігінің сәулетшісі» атты әдебиеттік сағат өткізді.

Шара барысында  Президентіміздің өмір жолы мен қызметі, ел басқару  ісіндегі ерен еңбектері туралы ақпарат беріліп, «Елбасы жолы» және «Тұңғыш Президент. Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.  «Болашақ»  мектеп – интернатының  оқушылары патриоттық әндерін айтып, би билеп , мерекелік көңіл күй сыйлады.

       

        

   

«Саусағымның ұшымен терген қазынам»

13 қараша  Халықаралық зағиптар күніне орай «Бобур» мейрамханасында «Қазақ соқырлар қоғамы» Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастырған дастарханында мүмкіндігі шектеулі  азаматтарды  зағип әуесқой ақындрымыздың шығармашылығымен таныстырып, оқуға баулу мақсатында «Саусағымның ұшымен терген қазынам» атты кездесу кеш 1 топ көз мүгедегі, 2013-2014 жылдары  республикалық «Бәріміз біргеміз-кемсітуді білмейміз»  атты  аудандық және облыстық байқаудың «Ақ қауырсын»  номинациясы бойынша 2 орын иегері, 2016 жылы Тәелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты аудандық жыр мүшайрада 1 орын,  кітапханамыздың ұйымдастырылуымен өткізілген “Үміт қанатында” атты облыстық байқаудың «Жүректен шыққан – жырларым» номинациясы бойынша 1 орын иегері Оңғарбаева Қолғанат пен 1 топ көз мүгедегі  Мамбетпаев Тұрармен өткізілді. Кеш барысында  қонақтардың шығармалары тыңдалып, кітапхана қызметкерлері мен зағип оқырмандарымыз ән айтты.

Кездесу кеш  соңында  қонақтар  мен ҚСҚ мүшелеріне және тұрақты оқырмындарға  белсенділіктері үшін кітапхана атынан арнайы бағалы сыйлықтар берілді.

      

      

   

«Қарттарым – қазынам»

Қарттар – біздің еліміздің алтын діңгегі. Осы мақсатта ҚСҚ қарасты зағип қарт жандарды шақырып арнайы кітапхана «Қарттарым – қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Кеш қонақтарының  әрқайсысының  облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері  мен еңбектері ерен. Кеш қарттардың жұмыс тәжірибесі, ұрпақ тәрбиесі туралы жүрекжарды әңгімесімен өрбіді. Кеш тұрақты оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің  орындауындағы әсем  әндерді орындалуымен аяқталды.

                

«Еңбек жемісі – құрмет»

27 қыркүйекте Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ Соқырлар Қоғамында «Еңбек жемісі – құрмет» атты қызықты хабарлау сағатты өтті. Кітапханада өткен қызықты хабарламада Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгілендігі,ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталатынына тоқтала , еңбек күні мерекесінің негізгі мақсаттары өнімді еңбекке  ынталандыру, оқырмандар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылатыны айтылды. Хабарлау сағатының қонағы  Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Ә.Керімқұлов пен зейнеткер Ү.Сейсенбаева шақырылды Қонақтар өмірлері, өз  жетістіктерін саралай келе ,  еңбекті сүю керек  екенін айтты. Мүмкіндіктері шектеулі болса да олардың аянбай еткен еңбектері бүгінде құрметке лайық. Еңбектің ардагерлеріне кітапхана ұжымы атынан сыйлықтар берілді.

      

«Алты Алашқа танылған ақын еді»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында тәуелсіздік жылдары қазақ айтыс өнерінің қайта дамуы мен жандануына өзіндік үлес қосқан арқалы ақын Әзімбек Жанқұлиевты еске алу мақсатында «Алты Алашқа танылған ақын еді» атты дөңгелек үстел өтті. Ауған соғысына қатысқан, өткен ғасырдың 80-90 жылдары аты алты Алашқа танылған, айыр көмей төкпе, суырыпсалма, арқалы ақын Әзімбек сұлу сазымен, әдемі үнімен лирикалық толғақты айтыс жанрын алып келгендігі,Ауғанда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше медальдармен марапаттары мен 1986-1989 жылдары өткізілген айтыста ерекшеленгені баяндалды.Айтыскер ақын ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған ақын астарлы, көркем өлең құрауымен, айрықша әуенімен елдің есінде қалды.

       

«Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет , архивтер және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларын қоғамға бейімдеу, отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау  мақсатында «Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі» атты облыстық отбасылық байқау  өткізілді.

Байқау бес кезеңнен тұрды:

– 1кезең «Тегін білу тектілік»- отбасын таныстыру;

-2кезең«Өнерлі өрге жүзер»(отбасынның өнері, қолөнер,ән,би,аспаздық,суретші т.б);

– 3кезең, «Білгенге – маржан»- сұрақ – жауап сайысы/Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сұрақтар қойылды/;

– 4кезең «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»/қолдан жасалған бұйымдар/;

– 5 кезең Спорттық ойындар –  дойбы жарысы.

Сайысқа жеті  отбасы қатысты. Көз мүгедектері арасында өткізілген отбасылық сайыс ерекше қызығушылықта  және үлкен тартыста өтті. Сайыс соңында I орынды тұрақты оқырмандарымыз Тараздық Ақпаевтар отбасы, ІІ орынды Меркелік   Сәрсенбаевтар  отбасы, ІІІ орынды Шу ауданынан келген Қасымқұловтар мен Тараздық Бөкеевтер отбасы бөлісті. Ынталандыру сыйлығын Тараздық Пірмановтар,  Жуалылық Жолдасбековтер және Сарысулық Оразбаевтар отбасы иеленді.

                   

                     

            

«Еңбек жемісі – құрмет»

27 қыркүйекте Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ Соқырлар Қоғамында «Еңбек жемісі – құрмет» атты қызықты хабарлау сағатты өтті. Кітапханада өткен қызықты хабарламада Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгілендігі,ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталатынына тоқтала , еңбек күні мерекесінің негізгі мақсаттары өнімді еңбекке  ынталандыру, оқырмандар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылатыны айтылды. Хабарлау сағатының қонағы  Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Ә.Керімқұлов пен зейнеткер Ү.Сейсенбаева шақырылды Қонақтар өмірлері, өз  жетістіктерін саралай келе ,  еңбекті сүю керек  екенін айтты. Мүмкіндіктері шектеулі болса да олардың аянбай еткен еңбектері бүгінде құрметке лайық. Еңбектің ардагерлеріне кітапхана ұжымы атынан сыйлықтар берілді.

        

«Тіл – біздің тұтастығымыз»

22  қыркүйек –  ҚР халықтарының тілдер  күні мерекесіне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен  соқыр және нашар көретін балаларға  арналған «Болашақ»  мектеп – интернатында жас  ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге үйрету мақсатында  «Тіл – біздің тұтастығымыз» атты әдеби – сазды кеш өтті.

Әдеби – сазды кеш «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсіреповтің сөзінен басталып, мектеп – интернатының  5 – 8 сынып оқушылары  ана тілі туралы өлеңдер, мақал – мәтелдер  айтып, сергіту сәтіндегі интеллектуалдық ойындарды ойнады. Өткізілген іс-шара барысында оқушылардың өз ана тіліне деген құрметтерін арттырып,  тіл туралы тың мағлұматтар алып, серпіліп қалды.

 

«Алты Алашқа танылған ақын еді»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  тәуелсіздік жылдары қазақ айтыс өнерінің қайта дамуы мен жандануына өзіндік үлес қосқан арқалы ақын Әзімбек Жанқұлиевты еске алу мақсатында «Алты Алашқа танылған ақын еді» атты дөңгелек үстел өтті. Ауған соғысына қатысқан, өткен ғасырдың 80-90 жылдары аты алты Алашқа танылған, айыр көмей төкпе, суырыпсалма, арқалы ақын  Әзімбек сұлу сазымен, әдемі үнімен лирикалық толғақты айтыс жанрын алып келгендігі,Ауғанда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше медальдармен марапаттары мен 1986-1989 жылдары өткізілген айтыста ерекшеленгені баяндалды.Айтыскер ақын ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған ақын астарлы,  көркем  өлең  құрауымен,  айрықша  әуенімен  елдің  есінде қалды.

 

       

«Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет , архивтер және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларын қоғамға бейімдеу, отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау  мақсатында «Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі» атты облыстық отбасылық байқау  өткізілді.

Байқау бес кезеңнен тұрды:

– 1кезең «Тегін білу тектілік»- отбасын таныстыру;

-2кезең«Өнерлі өрге жүзер»(отбасынның өнері, қолөнер,ән,би,аспаздық,суретші т.б);

– 3кезең, «Білгенге – маржан»- сұрақ – жауап сайысы/Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сұрақтар қойылды/;

– 4кезең «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»/қолдан жасалған бұйымдар/;

– 5 кезең Спорттық ойындар –  дойбы жарысы.

Сайысқа жеті  отбасы қатысты. Көз мүгедектері арасында өткізілген отбасылық сайыс ерекше қызығушылықта  және үлкен тартыста өтті. Сайыс соңында I орынды тұрақты оқырмандарымыз Тараздық Ақпаевтар отбасы, ІІ орынды Меркелік   Сәрсенбаевтар  отбасы, ІІІ орынды Шу ауданынан келген Қасымқұловтар мен Тараздық Бөкеевтер отбасы бөлісті. Ынталандыру сыйлығын Тараздық Пірмановтар,  Жуалылық Жолдасбековтер және Сарысулық Оразбаевтар отбасы иеленді.

                   

«Ұлт руханиятының үш діңгегі»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлт руханиятының үш діңгегі» тақырыбындағы әдеби кеш ашық аспан астында өтті. Табиғат аясында әсем әнмен ашылып, оқырмандарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тіліне мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамытуға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген сенімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында бүгінгі күні қазақ қоғамында рухты көрсететін, жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптар көбірек оқылу керектігі  насихатталды. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінен оқылып. Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят- монологынан Ержанның монологі оқылып ,кейіпкердің ерік-жігері, өліспей беріспейтін, күреспей жатып жеңіле салмайтын қайсарлығы, биік рухы, қала берді өмірге деген құштарлығы тыңдармандарына ой салды.Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабының идеясы – Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына  аманат етер ең қасиет екені.

      

      

   

«Ел болашағы – латын әліпбиінде»

Оқырмандарға жаңа әліпбиге көшуі туралы тереңінен түсіндіру, патриоттық сананы қалыптастыру, латын әліпбиінің ұлттық жобасы жайлы мағлұмат беру мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Ел болашағы – латын әліпбиінде» атты дауыстап оқуын Төле көшесіндегі су бұрқақтың жанында өтті.
Табиғат аясында өткен дауыстап оқу барысында латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босататындығы, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге оралып, санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны туралы айтылды.

   

«Өмірге құштар жандар»

   Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы,  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында жастарымызды жаңа жетістіктері мен жеңістеріне жігерлендіру, ерлікке тән қайсарлықты үлгі тұту     мақсатында «Өмірге құштар жандар» атты кездесу кеші өткізілді.

Кеш қонағы  –  Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасының  жеңімпазы, XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы , Мексикада өткен жүзуден паралимпиадалық чемпионаттың  әлем чемпионы  Зульфия  Габидуллина мен Жамбыл облыстық «Қанағат» спорттық мүгедек жастар қоғамының жас  спортшысы Бекзат Таласбаевтар болды.  Кеш барысында спортшылардың   жеткен жетістіктері туралы бейнеролик пен слайд жүргізілді. Зульфия  Габидуллина спорттағы шыңдалу жолдарын, жеткен жетістіктігінің оңайшылықпен келмегендігін, жол апатынан кейін спортпен айналысқанын, өз өмірі мен  жетістіктерін, түрлі спортпен шұғылданғанын айта келе,  бос уақытын спорттан басқа қолөнермен айналысатынын,  отбасылық жағдайын  жайлы әңгімелеп берді. Жас спортшы Бекзат Таласбаев тоғызқұмалақ ойынының маңызы мен пайдалы жағын тереңінен жеткізді. Көрермендері тарапынан   қызықты  сауалдарын қойылып, кездесу  кешіне келген  оқырман қауымы мен кешке қатысушылар жаңа бір серпіліс пен өмірге құштарлық алып, кездесуден жақсы әсермен қайтты.

                

 «Жастармен келешекке»

   Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, жан – жақты білімін кеңейту, экономикалық – әлеуметтік тұрғыда қолдау  мақсатында «Жастармен келешекке» атты ақпараттық сағат өткізілді. Ақпараттық сағат барысында еліміздің  дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты екендігі,  әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, яғни, салауатты өмір салтын ұстануы алғышарт болып табылатындығы, жастар  еліміздің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда  болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі екендігі  айтылып өтті. Шараға қатысқандар  өз пікірлерінді ортаға салып, болашақтағы армандарымен бөлісті.

“Халқым деп өткен ел данасы”

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акция аясында таңдалып алынған ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі – Ш.Құдайбердіұлына 160 жыл толуына орай “Халқым деп өткен ел данасы” атты әдебиеттік сағат өткізілді. Әдебиеттік сағаттың мақсаты халқы үшін тер төккен кемеңгердің шығармашылығын насихаттау, көп қырлы өнер иесінің талантын үлгі ету.
Домбыра тарту, гармонда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, киімді өзінше тігіп киінуі — міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс екендігімен қоса, қырық жасқа дейін ол орыс, түрік, араб, парсы тілін үйреніп, күйлер де шығарғаны айтылды. Көрермендерге өмірінің соңғы кезеңдері бейнеролик арқылы көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері Л.Самбетова «Қазақ», М.Азимқұлова «Мал жимақ» өлеңдерін оқыса, кітапхананың тұрақты оқырмандары І топ көз мүгедектері А. Өтеуловпен пен М.Пірманов Шәкәрімнің рухани ұстазы Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Күйесін жүрек, күйесін жүрек» әндерін нақышына келтіріп орындаса, кітапханашы Б.Еңсепбаевтың орындауындағы Шәкәрімнің терең мағыналы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні кеш қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

        

        

«Елімнің болашағы жалынды жастар»

Бүгінде ой-өрісті дамытатын дойбы ойынына деген қызығушылар қатары артуда. Осы ойынға әсіресе зағип жандардың үлесі ерекше  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы,  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы халықаралық мүгедектердің құқығын күніне орай   Жамбыл облыстық «Қанағат» спорттық мүгедек жастар қоғамындағы спортшылар (көз мүгедектері) мен кітапхананың тұрақты зағип оқырмандары арасында «Елімнің болашағы жалынды жастар» атты стол ойындарынан  жарыс ашық аспан аясында ұйымдастырды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жетіп,  I орынды – Е.Атоқозиев (І топ көз мүгедегі ), II орынды –  Б.Досмайлов (ІІІ топ көз мүгедегі), III орынды – М.Пірманов (І топ көз мүгедегі)жеңіп алды.

Ынталандыру сыйлығын кітапхананың тұрақты оқырманы Ж. Қоңыратбаева ( І топ көз мүгедегі) иеленді. Жылдам ойлап, дұрыс шешім қабылдауға жетелейтін тақта үстіндегі тартыс көз мүгедектерінің көңіл-күйін көтерді. Денсаулықты жақсарту үшін ұйымдастырылған бұл шара көз мүгедектерінің кітапханаға деген құрметін арттырды.

               

                

                    

«Болашағы жарқын жолдау»

Елбасының кезекті Қазақстан халқына  жолдауындағы әрбір саланың жаhандық бәсекеге қабілеттілігін, міндеттерін  және ұлттық идеологиялық бағыттарын  насихаттау мақсатында  «Болашағы жарқын жолдау» атты саяси сағат өткізілді.

Саяси сағатта «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының екі тарауы мен алты тармақтарына қысқаша тоқталып өтті.  Жолдаудың бірінші тарауындағы  XХI  ғасырдағы ұлттық сана туралы, бәсекеге қабілеттілік, прагматика ұғымы, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, дамуы, сананың ашықтығы,  екінші тарауда көрсетілген таяу жылдардағы міндеттер, ұлттық кодты қалыптастыру, «Цифрлы Қазақстан», «Туған жер» бағдарламаларын одан әрі дамыту, жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру, біртұтас латын алфавитіне көшу туралы айтылып өтті.

      

«Ерке есілдің бойына ел қондырған – Астана»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  Қазақстан Республикасының Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ерке есілдің бойына ел қондырған – Астана» атты жыр кеші жас зағип ақындармен өткізілді.

Жыр кеші барысында жас ақындар өз өмірі, шығармашылығы туралы қысқаша әңгімелеп, жүректерінің шыққан Астана туралы туындыларын көпшілікке паш етті.

Жыр кеші әсем әнмен өріліп, көрермендерге көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

               

                

«Арайлы Астананы мақтан тұтам»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұымдастыруымен Елордамыз Астананың 20 жыл толуына орай «Арайлы Астананы мақтан тұтам» атты оупен – эйр Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақта  өтті.

«Арайлы Астананы мақтан тұтам» оупен – эйр  әсем әнмен ашылып, биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған әсем қаламыз Астананың тарихымен    таныстырылып, көрікті жерлері  туралы мәліметтермен толықтырылды.   Астана – жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі екенін кітапхананың  тұрақты оқырмандары Абдуали Айман, Мұқтыбек Жалғас, Қоныратбаева Жаннұр оқыған жырларымен  арқау болса, ал тұрақты зағип оқырмандарымыз І – топ көз мүгедектері Шадырқұлова Сағынкүл, Мұхамбетов Еркін, Пірманов Махмуд, Абдешова Айгүл, Оңғарбаева Қолқанат, Ақпаев Нұрсұлтан ,  І топ көз мүгедегі  – Орманова Гүлнәрдің немересі, кітапханамыздың  тұрақты оқырманы №53 орта мектебінің оқушысы Сатымбек  Сезім мен Дильназ, кітапхана кызметкері Енсепбаев Балташтың  әндері ұлтжандылық рухты асқақтатты.

             

              

                

                

   

         «Елім деп туған ерлер бар»

    Көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақын Мағжан Жұмабаевқа 125 жыл толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Елім деп туған ерлер бар» атты жыр сағаты өткізілді.

Жыр сағатының басты мақсаты: ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, туған жерге, өңiр тарихына деген сүйiспеншiлiктi арттыру, ұлы тұлғаның атын мәңгi есте қалдыру. Жыр сағатына жиналған көрермендер арасынан ақынның әр кезеңдердегі жазған тағдырлы  «Сағындым», «Күншығыс» өлеңдерін оқыса , таспадан «Сен сұлу» әні тыңдалды.Мағжан лирикасы бір ұлтты бір арнаға ұйытып, халықты сүюге, ел үшін бар күш-жігерін жұмсайтын жас буындар тобын қалыптастыруға ықпал ететін тағылым көзі екенін көкейімізге түйіп, көңілімізге бекіту- жыр сағатының  қорытындысы болды.

      

   

«Нашақорлыққа қарсымыз»

Халықаралық есірткі және наркобизнеске  қарсы күрес күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  «Нашақорлыққа қарсымыз» атты пайдалы кеңес сағаты  өтті.

Шара барысында қонаққа келген Жамбыл облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру   мәселелерінің орталығы психолог маманы Кейкейева Меруерт пен валеолог-дәрігер Қыдырбек Қарашаш  «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты баяндама жасап, нашаның неше түрі барын айтып, сонымен бірге ақпараттық парақшалар таратылды.

Оқырмандар айтылған мәліметтерді мұқият тыңдап, көптеген сұрақтар қойды.

    

«Жүрегім менің – жанартау»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 8 маусым күні «Жүрегім менің – жанартау» атты жыр кеші ақсемсер ақын, сазгер, күйші, сөз зергері, қайраткер-қаламгер Жарылқасын Аманұлының туылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Өмірден өзі озса да тарихтағы осындай тосын талант иесінің орны бөлек. Оның жыр жолдары биік рухты , азаматтық-лирикаға толы еді.Ақынның әр өлеңі замана ақиқатынан өрілген. Жыр кешінде ақынның ойлы өлеңдерін тұрақты оқырман оқушылар оқыды..Көсемсөз жүйрігінің халық арасына кең тараған шертпе және төкпе күйлері дәріптелді.Атақты әншілердің орындауындағы әндері туралы да айтылды.

              

«Біз кітапханаға барамыз»

     Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз  көретін азаматтар кітапханасының «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқа мерзімді мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың балаларына арналған жаздық лагері 1-4,5 мамыр аралығында өз жұмысын бастады. 1 маусым күні «Біз кітапханаға барамыз» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне  арналған іс- шаралармен жалғасын тапты. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Балалар сол күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Наурыз» ертегісінің қойылымын тамашалады.4 маусым күні  балалар «Қыран», «Ақ көгершін» топтарына бөлініп, «Мақал- сөз мәйегі» тақырыбында мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтып жарысса,еркін тақырыпта сурет салып,танымдық сұрақтарға жауап берді. Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. 5 маусым күні  лагердің жабылу салтанаты өтті. Шарада Сатымбек Сезім «Ассалаумаликум», «Қуыршақ», Сатымбек Дильназ «Қасиетті домбыра», «Туған жер», әндерін айтса, Мұқтыбек Жалғас М.Мақатаевтың «Үш бақытым», Төлеген Айбергеновтың  « Менің халқым қашаннан ұлы болған», Ескендір Аяжан М.Мақатаевтың «Бесік басында», «Әке», Абдуали Айман Жарылқасын Аманұлының «Өкінбейді» өлеңдерін жатқа айтты. Кеш соңында балаларға балмұздақ, сыйлықтар таратылып,белсенді балалар мадақтау қағазымен марапатталды. Шара соңынан балалар Жамбыл облыстық орыс драм театрына барып, «Кошкин дом» ертегісін тамашалады.

«Алтайдан ұшқан ақиық »

22 мамыр күні Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы халық қаһарманы, көрнекті жазушы, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына орай  «Алтайдан ұшқан ақиық » атты портреттік кеш №10 орта мектептің 7 сынып оқушылары арасында  өткізді.

Шара барысында Қасым Қайсенов жайындағы слайд, бейнеролик көрсетіліп, батырдың ерлік тарихы баяндалды. Кеш соңында оқушылар ерлік пен батырлықты жырлаған өлеңдер оқыды.

         

         

        

«Жұрт жадында жаңғырар есім»

24 мамырда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында саяси қуғын – сүргін құрбаны, мемлекет және қоғам қайраткері   Жанайдар Сәдуақасов секілді ұлыларымызды ұлықтау, ұрпаққа ұлағат ету мақсатында «Жұрт жадында жаңғырар есім» саяси портрет кеші өткізілді.

Кеш барысында жиырмасыншы ғасыр басында қазақ зиялыларының алдыңғы аныз болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың өмірбаяны, барша қазақ жастарына шынайы отансүйгіштіктің, білімділік пен біліктіліктің, қажыр-қайраттың, адалдық пен азаматтықтың нағыз үлгісі болатын тұлға екендігін туралы айтылып, бейнеролик көрсетілді.

Саяси портрет кешіне тұрақты зағип оқырмандарымыз қатысып, патриоттық әндерін орындады.

     

       

«Мәдениет – мәңгілік өнер»

21мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасынын директоры А. Оразқұлова ұжымды мерекелерімен құттықтады.

Кітапхана ісінің дамуында жаңа бастамалар мен игілікті шаралардың ұйытқысы боп жүрген жас қызметкерлерді бастауыш кәсіподақ атынан төрайымы Г. Сейтбаева алғыс хатпен марапаттады.

             

«Ұлт тарихын ұлықтайтын – Oрбұлақ»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында тарихи және саяси оқиғалармен байланысты қасиетті жерлер қатарында орбұлақ шайқасының орны бөлек екендігі белгілі. Орбұлақ шайқасына – 375 жыл толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға Орбұлақ шайқасы жайлы қысқаша мәлімет бере  отырып,  кейінгі  ұрпаққа ата-бабаларымыздың ерліктерін насихаттау  мақсатында  «Ұлт тарихын ұлықтайтын – Oрбұлақ» атты тарихи танымдық сағаты  өткізді.

Шара барасында қазақ елінің тарихында неше түрлі қиын-қыстау, ауыр жағдайлар да, халқымыздың рухын көтерген, кейінгі ұрпаққа үлгі болатындай ұлы жеңістер де болды, солардың бірі Орбұлақ шайқасы туралы мәлімет бере отырып, бейнеролик (дыбыстандырылған) көрсетілді.  Іс – шараға  арнайы кітапхана ұжымындағы әріптесіміз I топ көз мүгедегі Енсепбаев Балташтың орындауында «Жаса қазағым» әнінен шашу шашты. Зағип оқырмандар ризашылықтарын білдірді.

     

«Батырлар ерлігі – ұрпаққа үлгі»

9 мамыр – Жеңіс күніне орай  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Соқыр және нашар көретін балаларға  арналған «Болашақ»  мектеп – интернатымен бірігіп   «Батырлар ерлігі – ұрпаққа үлгі» атты ерлік сағаты өткізілді.

Шара барысында «Болашақ»  мектеп – интернатының оқушылары патриоттық өлендерін айтып, «Туған жер», «Біз Отанның түлегіміз», «Туған ел» әндерін орындады,  ал «Салтанат» бишілер тобы «Әлқиса» биін ортаға салды.

  

  

 

«Мамырда келген мерекем – ынтымақ, бірлік, берекем»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы  Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге орай екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, достық қарым-қатынасты одан әрі жақсарту, ежелден келе жатқан тарихи, рухани құндылықтарымен таныстыру мақсатында «Мамырда келген мерекем – ынтымақ, бірлік, берекем» атты әдеби – сазды кеші өткізілді.

Кеш коңақтары І – топ көз мүгедегі Шаюнусова Мухабат, №4 орта мектептің өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джолдашева Дильфуза Болтыхановна, №4 мектептің оқушылары Мехманова Негина, Маманова Ирода, Абдулаева Наргиза, Джололдинов Обид, Юсупов Асрорбек  өзбек халқының дәстүрлі әндері мен өлеңдерін айтып, мерекелік би шашуын тарту етті. Әдеби – сазды кеш оқырмандарға шат-шадыман қөніл күй сыйлады.

  

  

    

 

«Әдебиеттің көрнекті тұлғалары»

25 сәуірде Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту мақсатында «Әдебиеттің көрнекті тұлғалары» атты ауызша журнал өткізілді.

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Шара барысында бірінші бетте «Бір ел – бір кітап» – «Халықпен бірге оқиық»  тақырыбы бойынша «Бір ел – бір кітап» акцияның тарихы мен мақсаттары, екінші бетте  «Өшпес рухты үш тұлға» ұлы ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, үшінші бетте «Үш кітап – үш тағдыр»  таңдап алынған кітаптар әр түрлі болғанымен оларды өмірдің қиындықтары мен күрделілігін іскерлікпен жеңіп шыққан авторлардың күрделі тағдырлары біріктіретіні  туралы айтылып өтті.

«Классик – композитор Ықылас Дүкенұлы»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазақ халқының дәулескер күйші-қобызшысы, Ықылас Дүкенұлына – 175 жыл толуына орай зағип оқырмандар арасында «Классик – композитор Ықылас Дүкенұлы» ән-күй кешін өткізді.
Шара барасында классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 – ғасырдың ортасында дүниеге келген Ықылыс Дүкенұлы туралы мағлұмат бере отырып, слайд арқылы көрсетілді.
Іс – шараға арнайы шақырылған Жамбыл облыстық филармонияның әншілері Әбілқасым Рауан Ы. Дүкенұлының «Аққу», «Ерден» күйін, Өстемирова Жанар Н.Тілендиевтің «Әлқиса» термесі мен «Құрбылар» халық әнін, «Алатау» триосы «Дей салдым – ай » халық әні, «Өзі елім» мен «Құмған алған» әндерін орындап, зағип жандарға филармония әншілері көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Зағип оқырмандар ризашылықтарын білдірді.

«Ұлт-азаттық көтерілістің көшбасшысы»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қайраткер қолбасшысы, батыр-сардар Амангелді Имановтың 145 жыл толуына орай «Ұлт-азаттық көтерілістің көшбасшысы» атты бейне кездесу Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері арасында өткізілді.
Шара барысында Амангелді Имановтың өмірбаяны, халық үшін сол жолда жанын пида етіп, өмірін арпалыста өткізген батыр өзінің алғырлығымен көтерілісті басқарғаны туралы айтылып, «Амангелді Иманов – Ұлт – азаттық көтеріліс 1916 жыл» атты 30 минуттық фильм көрсетілді.

«Нашақорлық – қоғам қасіреті»

№ 10 орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоғам дертіне айналған есірткінің әсеріне қарсы тұруға, денсаулықты сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында Жамбыл облыстық Наркологиялық диспансерінің әлеуметтік қызметкері Абдикалықова Айгүл Әлмаханқызының қатысуымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Нашақорлық – қоғам қасіреті» атты әнгіме өткізді.
Шара барысында кеш қонағы әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу жайлы әнгімелеп, оқушылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.
Бүгінгі қоғамда белең алып жатқан «Нашақорлық – қоғам қасіреті» жайында бейнеролик көрсетілді.

«Кітап – ажырамас досымыз»

2 сәуір –Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыра отырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап – ажырамас досымыз» атты ойын сабақты көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатының оқушылары арасында өткізілді.
Шара барысында оқушылар сергіту сәткіндегі “Жалғасын тап”, “Иә – жоқ”, «Адасқан әріптер» атты ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарына жауып беріп, кітап туралы өлеңдерін оқылды.

«Брайль қарпін қазақша сөйлеткен»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы брайль жүйесіне қазақ әріптерін алғаш енгізген Ақан Қасымұлының 90 жасқа толуына орай, зағип оқырмандарға оның өмірі мен істеген еңбегін насихаттау мақсатында Қазақ соқырлар қоғамының оқу – өндірістік кәсіпорнында және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалында «Брайль қарпін қазақша сөйлеткен» атты қызықты хабарлау сағатты өткізілді.
Қызықты хабарлау сағатында әуесқой композитордың 50 – ден астам әндері мен аспаптық шығармаларының 30 шығармасы Қазақ радиосының алтын қорында Ескендір Хасанғалиев, Зейнеп Қойшыбаева, Венера Қармысованың орындауында сақталғаны туралы айтылды.

«Рухани жаңғыру – болашаққа бет бұрыс»

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында зағип оқырмандарға мақаланың бағытары мен жобалардың мән – мағынасын түсіндіру мақсатында «Зағип және компьютер», «Брайлист» үйірмелерінің мүшелерімен «Рухани жаңғыру – болашаққа бет бұрыс» атты ой бөлісу өткізілді.
Шара барысында рухани бетбұрыстың, ұлттық рухты күшейтіп, кемелдендіруге, мәдениет пен әдебиеттің алтын арқауларын айқындап, салтымыз бен дәстүріміздің озық жақтарын тереңдете, жаңарта пайдалануға, ұлттық сана сапасын нығайтуға баса көңіл бөлу керектігі айтылды. Іс – шара өте қызық пікір таласта өтті.

«Тәуелсіздік дәуірі»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Елбасының 2017 жылы 15 желтоқсанда жарыққа шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» атты тарихи – публицистика жанрында жазылған еңбегіне талқылау сағаты өткізілді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттаудағы мақсатымыз Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап 26 жылда тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын қатерлерді еңсеруге байланысты қабылдаанған шешімдердің мән – мазмұнын ұғындыру.

«Қош келіпсің, Әз – Наурыз»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз мерекесіне арналған «Қош келіпсің, Әз – Наурыз» атты әдеби қонақжай өткізілді.
Кеш барысында кітапхана ардагері Елтүзерова Әлия Жақсыбайқызын зейнеткерлікке шыққанын кітапхана ұжымы құттықтап, мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Кешке «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Керімқұлов Әбдіқайым, Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасының орынбасары Айтжанова Жанат Дүкенбайқызы қонақ ретінде қатысты.

«Рухани жаңғыруға – жаңа әліпбимен»

14 наурызда оқырмандарға жаңа әліпбиге көшуі туралы тереңінен түсіндіру, патриоттық сананы қалыптастыру, латын әліпбиінің ұлттық жобасы жайлы мағлұмат беру мақсатында Жамбыл облыстық көзі кғөрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Рухани жаңғыруға – жаңа әліпбимен» атты ой бөлісу өтті.
Шара барысында латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны туралы айтылып, зағип оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері өз ойларын ортаға салды.

«Өмірдің гүлі, өмірдің нұры – өздерің»

Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесін тойлау, атап өту дәстүрі кітапханада нығайтылған.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 6 наурызда зағип аналарымызды құрметтеп, мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында «Өмірдің гүлі, өмірдің нұры – өздерің» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кеш барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары мен кітапхананың қызметкерлері аналарға арналған әндер орындап, ақжаулықты аналарға мерекелік шағын сыйлықтар берілді.



«Алғыс жүректен шығады»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай бүгінгі өмір талаптарын өз мүмкіндіктерінің шектеулі екеніне қарамастан орындап, зағип жандарға қалтқысыз еңбек етіп жүрген азаматтардың, халық үшін еткен еңбегін елеп, алғыс айту мақсатында «Алғыс жүректен шығады» атты ғанибеттану күні өтті.
Алғыс айту мерекесіне шақырылған қонақтар Қазақ соқырлар қоғамының оқу – өндірістік кәсіпорны ЖШС – ның басшысы Үмбетқұлов Бақыт Алтыханұлы, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Керімқұлов Әбдіқайым және инструкторы Джамаева Алмаш Турлыханқызы. Арнайы кітапханасында ұйымдастырылатын мәдени іс – шараларға белсене атсалысып, кітапханамен тығыз байланыста жұмыс атқарғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Сондай – ақ кітапхана қызметкерлері ән айтып, мерекелік көңіл – күй сыйлады.

« Жаныммен сезем –өмірдің әуендерін»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында зағип сазгер, әнші, Қазақ ССР –нің еңбек сіңірген әртісі Садық Кәрімбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай « Жаныммен сезем –өмірдің әуендерін» атты еске алу кеші Жамбыл облыстық филармонияның әншілері Жазира Сметова мен Лаура Бексұлтанова қатысуымен өткізілді.
Іс – шараның мақсаты зағип композитор, әнші Садық Кәрімбаевтың өмірімен шығармашылығын және музыкалық мұраларын еске алу, зағип жандарға рухани серпіліс сыйлау.
Кеш барысында филармония әншілері Садық Кәрімбаевтың әндерін шырқап, зағип оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


«Қазақтың тілі – қазыналы тіл»

21 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай оқырмандардың еліне, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тілдіқ құдіреттілілігін қадір қасиетін бойларына дарыту мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Қазақтың тілі – қазыналы тіл» атты әдеби кеш өткізілді.
Шара барысында туған ана тілінің қасиеті, маңыздылығы туралы айтылып, № 10 орта мектебінің оқушылары ақын С. Торайғыровтың «Қазақ тілі», М. Әлімбаевтың «Ана тілі» өлендерін мәнерлеп оқыса, № 53 орта мектебінің оқушылары патриоттық әндерден шашу шашты. Кеш соңында тіл туралы «Жалғасын тап …» атты мақал-мәтелден сайыс ұйымдастырылды.

«Көмекей әулие – Бұқар жырау»

Қазақ елінің қарыштап өсіп, кемелденуіне өзіндік үлес қосқан, елі мен жері үшін жан беруге дайын дара тұлғаларға қазақ елі кем болған емес. Солардың бірі – Бұқар жырау Қалқаманұлы.
Бұқар жыраудың қай шығармасын алып қарасаңда, оның өлеңдерінен ұлттық тарихи сананың даналық қорытындысы мен адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті ғибраты мол сөздерді оқисың.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы «Болашақ» мектеп-интернатында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай «Көмекей әулие – Бұқар жырау» атты этнографиялық сағаты өткізілді.
Этнографиялық сағатта Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларында замандар бойы мысқылдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінен бейнеролик көрсетіліп, «Ел рухын көтерген батыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Кеште оқушылар Бұқар жыраудың өлеңдерін жатқа оқып, өткен тарихты терең ұғынып, рухани сезімі, бабаларымызға деген еліктеушілік қасиеті оянды десек те болады.



«Қазақ әліпбиін қалыптастырған тұлға»

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, қоғам қайраткері, ғалым, ақын, аудармашы, публицист, көсемсөз шебері, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 145 жыл толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Қазақ әліпбиін қалыптастырған тұлға» атты бейне журнал өткізілді.
Бейне журналда Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолымен, қазақ халқының саяси – әлеуметтік, мәдени – рухани өмірінен айрықша орын алған тұғырлы тұлға екені, нағыз ұлт – азатшыл поэзияның негізін қалаушы, қазақ өлкесіне азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін алып келген ақын болғаны туралы айтылып, слайд арқылы көрсетілді.

«Президент жолдауы – халық қалауы»

         Зағип оқырмандарға биылғы кезекті Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттап қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап, әрбір саланың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін, міндеттердің және ұлттық идеологиялық бағыттарын насихаттау мақсатында «Президент жолдауы – халық қалауы» дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазақ Соқырлар Қоғамының мүшелері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Айтар болсақ,«Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші міндетіндегі адами капиталды дамытуға, сапалы жұмыс пен қамту, әлеуметтіқ қамсыздандырудың жүйесі туралы айтылды.

«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»

26 қантарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының тоғызыншы бағытын талқылау мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» атты бірыңғай сағаты өткізілді.
Жолдауда аталған «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» бағыты кітапхана қызметкерлерінің арасында талқыланды. Бірыңғай сағатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау мәселелері туралы айтылды. Кітапханашы Керімбаева Н – Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн, мұндай заң бұзушылыққа қасақана жасағандар қатаң жазаға тартылатындығын айтса, кітапханашы Сейтбаева Г – бүгінгі әрбір қазақстандықтың отбасындағы тәлім – тәрбиесі дұрыс болуы керек, ата – анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінің, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінетінің айтты.

«Сырлы әндермен сыр шерткен»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында зағип оқырмандарға «Туған жер» жобасы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, өңіріміздің танымал композиторы, әнші А.Қоразбаевтың 70 жасқа толуына орай өнер жолындағы шығармаларын насихаттауда «Сырлы әндермен сыр шерткен» музыкалық шоу зағип оқырмандар арасында өткізілді. Шара барасында ҚР – ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздің мәдениетін өркендетуге үлес қосқан, әнші Алтынбек Қоразбаевтың ғұмыр жолы мен жасаған еңбектері туралы айтылып, слайд арқылы көрсетілді.
Іс – шараға арнайы шақырылған Жамбыл облыстық филармонияның әншілері қатысып, А. Қоразбаевтың «Жайлауың қандай тамаша», «Сағындым Кенен атамды», «Ауылым әнім» т. б әндерін айтып, кештің көңілді де, тартымды өтуіне ат салысты. Әсерлі өткен ән кешінен кейін зағип оқырмандар филармония әншілері мен кітапхана ұжымына ризашылықтарын білдірді.

«Рухани жаңғырудың бастауы – мәдениет пен өнер»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Қазақстандағы мәдениет пен өнер бағыттарын, қазіргі кітапхананың негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында «Рухани жаңғырудың бастауы – мәдениет пен өнер» тақырыбында талқылау сағаты өткізілді.
Талқылау сағатында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру үшін қазіргі заманғы қоғамның және оның құндылық бағдарларының рухани жай-күйінің жарқын көрінісі болып табылатын қазақ әдебиетін одан әрі дамытуға көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Кітапхана қызметкерлері мақалада айтылған Қазақстан кітапханаларының қазіргі заманауи форматта қаматамасыз ететін көпфункциялы ақпараттық және демалыс орталықтарына айналуға тиістігі, қазіргі заманға қолайлы етіп, өз оқырманын кітап оқуға, отандық тарих пен мәдениетке тұрақты қызығушылықты қалыптастыру керектігі, креативті іс-шараларды ұйымдастыру туралы пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, арнайы кітапхананың Брайль жүйесіндегі әдебиеттерінің латын әліпбиіне көшуі жайлы да ұсыныстар да айтылды.

«Рухани жаңғыру-болашақ бағыты»

5 қаңтар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығындаға оқырмандарға мақаланы кеңінен насихаттап, бағыттарын түсініп келелі ой мен салиқалы пікір алмасу мақсатында «Рухани жаңғыру-болашақ бағыты» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту,адами құндылықтарды,патриоттық рухты сіңіре білу тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан бағдарламасы екендігі жайлы айтылды.
Сонымен қатар, «Ұлт болып қалғың келсе-рухани негізін мықты болсын» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып Брайль қаріпіндегі «Қазақстан ұлы дала елі», «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабылеттілік», 2017-2020 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы атты бедерлі нүктелі әдебиеттер көрмеде таныстырылды.
Дөңгелек үстелге қатысушы оқырмандар өз ой – пікірлерін ортаға салып,мақаланы бір ауыздан қолдайтындықтарын айтып өтіп, бірлескен іс-шараға алғыстарын білдірді.

«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті»

Жас ұрпаққа «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оқушылардың бойында құқықтық сана – сезім мен мәдениеттілікті көтеру мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы № 51 орта мектебінің 7- сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты дискуссия өткізілді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі екендігі жайлы оқушыларға насихаттай отырып, «Сыбайлас-жемқорлық» тақырыбында слайд көрсетілді.
Дискуссия соңында оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып, қызу пікір – таласта өтті.

«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ қүнім»

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облыстық көз көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында зағип оқырмандарды ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлап, патриоттықа бағыттау мақсатында «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ қүнім» әдеби-жыр кеші өткізілді.
Кеш барысында патриоттық өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Атап айтсақ, «Желтоқсан желі» деректі фильмі көрсетіліп, кітапханамыздың зағип оқырмандары І топ көз мүгедегі Джалпанова Эльмира, ІІ топ көз мүгедегі Орманова Гүлнәр «Тәуелсіздік» тақырыбында өлең – шумақтарын, әуесқой ақынымыз І топ көз мүгедегі Оңғарбаева Қолқанат «Тәуелсіздікке арнау» өлеңін оқыды. Пірманов Махмұт «Желтоқсан желі», Мукамбетов Еркін «Көктудың желбірегені», Ақпаев Нұрсұлтан «Қазақ елі», «Атамекен» әндерін нақышына келтіріп орындады.

«Кітапханашы – мәртебелі мамандық »

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында жас кітапханашылар арасында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық » атты байқау өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты : кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапханашылардың мәртебесін көтеру болды.
Байқау 5 кезеңнен тұрды:
1. «Мамандығым – мақтанышым»;
2. «Менің сүйікті кітабы»;
3. «Сұрақ – жауап»;
4. «Өнерлі кітапханашы»;
5.«Кітапханашы-ізденімпаз.
Бес кезеңнен тұратын бұл байқауда жас кітапханашылар өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, біліктігінін барлық қырынан көрсете білді. Жас кітапханашыларға кәсіби біліктілігі мен шығармашылық табыс тілейміз.

«Үміт қанатында»

21 қарашада Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында зағип оқырмандарды мәдени-әлеуметтік сауықтыра отырып, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мақсатында «Үміт қанатында» облыстық фестивалін өткізді. Фестиваль 5 кезеңнен тұрды:
1. «Мен әлемді жүрегіммен сеземін» – ән номинациясы бойынша бір ән /қатысушылардың қалауынша фонограмма – минус жанды дауыспен немесе аспаптың сүйемелдеуінде еркін тақырыптағы эстрада әндерін орындау/.
2. «Жүректен шыққан жырларым – туған өлкеме» – авторлық
шығарма номинациясы бойынша бір шығарма /авторлық
өлеңдері мен әндерін орындау/.
3. «Көк тудың желбірегені» – өлең оқу номинациясы бойынша бір өлең /патриоттық тақырыптағы ақындардың өлеңдерін жатқа оқу/.
4. «Музыка өрнегі» – аспапта орындаушылар номинациясы бойынша, бір шығарма орындау /домбыра, қобыз, акардеон, скрипка, т.б./
5. «Біз жасаған бұйымдар» – қолөнер номинациясы бойынша
/ ою-өрнектер, құрақтар, ағаштан, темірден, бисерден жасалған бұйымдар/.
Қазылар алқасына төрелік еткен:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары, қазылар алқасының төрайымы – Сембина Зүбайра Жарқынқызы
2. Жамбыл Жабаев атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі – Ахметжан Өзбеков Орынбасарұлы
3. ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық филармония әншісі – Мәдіханова Рәзия
4. Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының мәдени ұйымдастырушысы Рәзия Есенбекова Ахатқызы
5. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз» коорпоративтік қорының орынбасары Джамаева Алмаш Турлуханқызы
Фестивальға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, «Болашақ» мектеп-интернатының мұғалімдері мен оқушылары, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Фестивальға барлығы 23 үміткер қатысты.
Фестивальдің нәтижесі бойынша:
І кезең:
1 орын – Мукамбетов Эркин
2 орын – Пирманов Махмут
3 орын – Ни Евгений
ІІ кезең:
1 орын – Сәрсенбаев амангелді
2 орын – Унгарбаева Қолқанат, Қанатбек Санжар
3 орын – Қасымқұлов Болатхан
ІІІ кезең:
1 орын – Сарымамед Оғлы Назим
2 орын – Катанбаев Азамат
3 орын – Құттыбай Аружан
ІV – кезең:
1 орын – Құлжанов Сейтхан
V – кезең:
1 орын – Разниченко Виктор
2 орын – Байкулиев Әшірхан
3 орын – Молдабек Жансерік
Қашанда осындай өмірге құштар жандардың, көз жанарларынан айырылса да, көңілдерін көншіктірмей өмірге деген құштарлықтарын еш жоймаған мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы фестиваль өз деңгейінде өтті. Қатысқан үміткерлер, көрермендер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

                 

«Көңілдің көзін ашқан, өмір сүрген»
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 13 қараша Дүниежүзілік зағиптар күніне орай бұл өмірдегі әр түрлі жағдайға байланысты көз жанарынан айрылған адамдарды кітапханаға тарту арқылы Брайль ілімін оқып, жазып үйренуге әлеуметтік сауықтыру мақсатында «Көңілдің көзін ашқан, өмір сүрген» атты зағип жандар арасында байқау өткізілді.
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
1) Л. Брайль жүйесі бойынша жазу;
2) Л. Брайль жүйесі бойынша оқу (Н. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы) ;
3) Бедерлі – графикалық құралды және номиналды тиындарды қолымен сипап тану (жануарлар, құстар,жеміс-жидектер) ;
4) Викториналық сұрақтар (компьютер, Брайль жүйелері бойынша).
Байқау «Брайлист», «Зағип және компьютер» үйірмесінен сабақ алған оқырмандардың арасында өтті. Әділ – қазылардың шешімі бойынша барлық қатысушыларға ақшалай, заттай сыйлықтар берілді.
Шараның соңында кітапхана директоры Қазақ соқырлар қоғамына, оқу-өндірістік кәсіп орны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына, Тараз коорпоротивтік қорының президентіне қаржылай демеушілік көрсеткені үшін алғысын білдіріп, «Алғыс хатпен» марапаттады.
     

«Ата Заңым айбыным»

Еліміздің Ата заңына деген сүйіспеншілігін ояту арқылы өмірлік қажеттілігін ұғындыру, құқықтық сауаттылығын жетілдіру, патриоттық тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Ата Заңым айбыным» атты танымдық сағат өткізілді.
Кеш барысында Конституциямыздың тарихы жайлы, заңдық күші мен маңызды ұстанымдары слайд арқылы айтылды. «ҚР Конституция»атты көрсетілген бейнеролик оқырмандардың назарын аударып, қызығушылығын оятты. Сонымен бірге Кітапхана қызметкерлері Конституция туралы бірнеше өлеңдерді мәнерлеп оқып, кітапхананың тұрақты зағип оқырманы Ақпаев Нұрсұлтан «Атамекен», №53 орта мектептің оқушысы Сатымбек Сезім «Жаса Қазақстан» патриоттық әндерін орындап, кеш тартымды өтті.
DSC_0503 DSC_0509 DSC_0514

 

«ЭКСПО 2017 – Қазақ елінің мақтанышы»
“ЭКСПО-2017” мамандандырылған көрмесінің ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізіліп отырғандығы қазақ халқының мақтанышы, жетістіктігі екенін зағип оқырмандарға түсіндіріп, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында «ЭКСПО 2017 – Қазақ елінің мақтанышы» – атты ән кеші өткізілді.
Кеш барысында Жамбыл облысынан үлкен тартуы болған «Ұлы Жібек Жолы Көне Тараздан – асқақ Астанаға тарту» этнографиялық керуені жайлы жаңалықтардан айтылған үзінділері көрсетіліп, көз мүгедектерінің туған жерге деген мақтаныш сезімдерін оятты.

DSC_0489 DSC_0456 DSC_0452 DSC_0441 DSC_0435

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, Абай Құнанбайұлының туған күніне орай көз мүгедектері арасында Абай шығармашылыгы арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттырып, рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында «Абайдың қаламы» атты сайыс өткізілді. Ұлы тұлға шығармаларын мәнерлеп оқуға арналған өнер сайысына кітапханамыздың мүмкіндігі шектеулі тұрақты оқырмандары қатысты.
Көз мүгедектері арасында да Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті.
DSC_0418 DSC_0424 DSC_0431 DSC_0433

«Өмірге құштар жандар»
Зағип оқырмандарды өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі спортшылармен, танымал азаматтардың рухани бағыттағы жетістіктерін мақтан тұтып, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 13 тамыз спорт күніне орай «Өмірге құштар жандар» атты кездесу кеші Рио – паралимпиадасының еркін стильде жүзуден чемпионы Зульфия Габидуллина мен тірек – қимыл аппараты зақымдалған және көру қаблеті төмен спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионат иегері Әбілхасымқызы Салатанаттың қатысумен өткізілді.
Кеш барысында келген қонақтар өз өмірлері мен жеткен жетістіктері, өздерінің мүмкіндігі шектеулігіне қарамастан спортың үлкен шыңына шығу оңай жолмен келмегеніндігі туралы қызықты әнгімелеп берді. Спортшылардың жеткен жетістіктері туралы бейнеролик пен слайд жүргізіліп отырды.
Кездесу көз мүгедектеріне жаңа бір серпіліс пен өмірге құштарлық сыйлады. Кездесу кеші қызықты пікірталаста, патриотты түрде өтті.
DSC_0367 DSC_0369 DSC_0379 DSC_0382 DSC_0394

“Көне Тараз – Мәнгілік елдің бесігі”

Жамбыл облыстық тарихи – өлкетану музейімен бірлесе отырып, «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында көзі нашар көретін азаматтарға тарихи – мәдени экспонаттар, тарихи ескерткіштерін білуге деген құштарлығын, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, Көне Тараздың тарихи мұраларымен таныстыру мақсатында «Көне Тараз – Мәңгілік елдің бесігі» атты тарихи саяхат «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелерімен өткізілді.
Кеш барысында музейдің экскурсия жүргізушісі «Табиғат» залынан бастау алып, Тараз қаласынның 2000 жылдық мерей тойына орай құрылған «Көне түркі тас мүсіндері және көне жазулар», «Тараз – 2000» ғимараттарында экскурсия жүргізілді.
20170727_111821 20170727_112125 20170727_112240 20170727_112428 20170727_112945 20170727_114038
20170727_114951 20170727_115538
20170727_120527

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ – ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, кұқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады.

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ОЛ:
– мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;
– азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан теңдігі;
– азаматтардың дінді таңдауғажәне діннен бас тартуға құқығын қамтамасыз ету;
– рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын дінді насихаттауға жол бермеу;
– қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу.
ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті
Сіз дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз
1. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми интернет-ресурсы -«www.din.gov.kz»
2. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің сайты«niac.gov.kz»
3. «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-нің сайты – «mckr.kz»
Сіз ислам дінінің мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз
1. «e-islam.kz»
2. «muftyat.kz»
3. «azan.kz»
4. «muslim.kz»
5. «ummet.kz»
6. «sunna.kz»
7. «fatua.kz»
8. «islam-atyrau.kz»
9. «mazhab.kz»
10. «islam.kz»

ШЫНАЙЫ ЖИҺАД – өз нәпсіңмен күрес

Радикалдыдіни ағымдардың өкілдері исламдағы «жиһад» ұғымын қате түсінеді. Олар жиһадты басқаларға қарулы соғыс жүргізу деп ұғады.
Ал шындығына келгенде «жиһад» сөзі араб тілінен аударғанда белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін адамның қажыр-қайрат жұмсауыдеген мағынаны білдіреді.

Шынайы жиһад дегеніміз:
-әркімнің өз кемшіліктерін түзеуі;
-өзіңнің ішкі дүниең мен жүрегіңді тазарту;
-өз бойыңдағы қызғаншақтық, қанағатсыздық,
жалқаулық, тәкаппарлық секілді жаман қасиеттерден арылу;
-өз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді жетілдіру;
-әркімнің өз нәпсісін, еліктеуін және әлсіздігін
жеңуі.
ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

ҚАУЫРТ ЖЕЛІ
«114»
Елімізде деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісі жұмыс істейді.
ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!
Егер:
– Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың немесе діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;
– Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге қатысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;
– Сіз немесе Сіздің жақындарыңызға дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегі қажет болса.
ҚР ДІАҚМ Дін істері комитет

БІЛУІҢІЗ КЕРЕК!!!
Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдіктері жанындаДІН ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫжұмыс істейді.
Мекемелер мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:
– ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
– психологиялық және құқықтық қеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсету;
– дін мәселесі бойынша сенім телефоны жұмысын (қауырт желі) ұйымдастыру, теріс діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен адамдарға психологиялық, консультациялық, заңнамалық және әлеуметтік көмек көрсету;
Аталған мекемелердің мекен-жайларын және телефон номерлерін «114-Қауырт желісіне» хабарласып білуге болады.
ҚР ДІАҚМ Ді

12125

ХАЛЫҚТЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ
БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҒЫ
(оқу-әдістемелік құрал)

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
халыққа арналған жаднама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл – өмірлеріңізге өте қауіпті.
Жарылғыш құрылғылар туралы балаларыңызға айтып отырыңыздар.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

Телефон арқылы және жазбаша түрде террористік актінің
жасалу қаупі туралы хабар алған кездегі
іс-қимылдар туралы жаднама

1. Хатшылар (диспетчерлер, кезекшілер және т.б.) анониммен (хабар берген бейтаныс адаммен) берік байланыс жасауы керек. Ол үшін:
1) өзін таныстыруы (өзінің, әкесінің атын, лауазымын айтуы);
2) сөйлеушіні тыныштандыруға тырысуы;
3) оның талаптары дер кезінде әкімшілікке жеткізілетіндігіне сендіруі қажет.
2. Анонимнің талаптарын анықтауы және қауіптің сипаты туралы ақпарат алуы қажет. Ол үшін:
1) жасырын адамды мұқият тыңдап, барлық талаптарын оның айтуы бойынша жазуы;
2) кез келген сылтаумен оның өз талаптарын қайталауын ұсынуы;
3) анонимге әңгімені неғұрлым көбірек айтқыза отырып, қауіптің сипаты және оның іске асырылу уақыты туралы нақтылайтын сұрақтар қоюы керек.
3. Анонимнің іс-әрекеттерінің себебін анықтау керек. Ол үшін:
1) анонимнің көздеген мақсаты туралы сұрақ қою, осы ретте қатыстылығыңызды сездіре отырып, анонимнің жауаптарын мұқият тыңдау;
2) анонимге өз мүдделерін іске асырудың басқа жолдарын ұсыну.
4. Анониммен байланысты тоқтатар кезде онымен болған әңгіменің маңызды сәттерін қайталап сұрай отырып, талаптарының әкімшілікке жеткізілетіндігін айту керек. Кез келген орынды сылтаулармен оны қайтадан телефон шалуға көндіруге тырысу керек.
5. Әңгіме кезінде әңгіменің фонограммасын жазудың барлық мүмкін шараларын қолдану керек.
6. Болған оқиғалар туралы:
1) «02» телефоны арқылы құқық қорғау органдарына;
2) объекті әкімшілігінің басшыларына хабарлау керек.
7. Егер телефоныңызда нөмір анықтағыш болмаса немесе ол істемей қалса, телефон тұтқасын ілмей, жанына қойыңыз. Басқа телефоннан телефон стансасына қоңырау шалған телефон нөмірін (қалалық, қалааралық) анықтап беруді өтініп телефон шалыңыз.
8. Қауіп-қатер туралы үрей тудырмау және бейкәсіби іс-қимылды болдырмау үшін ол туралы міндетті түрде білулері қажет адамдардан басқа ешкімге хабарламау керек.
Объект әкімшілік басшысы:
1) тәсімге (схемаға) сәйкес қызметкерлерді көшіруді ұйымдастыруы;
2) құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін күдік тудыратын заттар болуы мүмкін орындарды анықтау үшін қызметкерлерден сұрақ алуды ұйымдастыруы;
3) затты тауып алған жерге құқық қорғау, медициналық, өрт сөндіру және басқа да орагандар автокөліктерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі;
4) анонимнен қауіп-қатер туралы хабар алған адамға үрей тудырмау үшін алынған қауіп-қатер жөнінде ақпаратты таратудың орынсыздығы туралы ескертуі;
5) құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін барлық қызметкердің, әсіресе, анониммен сөйлескен қызметкердің болуын қамтамасыз етуі қажет.

Жазбаша қауіп-қатер туралы хабар алған кезде:
1)құқық қорғау органдарына хаттың (жазбалардың, дискеталардың, т.б.) сақталуы және оны жылдам жеткізу үшін шаралар қолдануы;
2)хаттарды (жазбаны, дискетаны және т.б.) мүмкіндігінше полиэтилен пакетке салуы;
3)құжатта саусағының таңбасын қалдырмауға тырысуы;
4)егер құжат конвертте болса, оны ашу конверттің сол жақ немесе оң жақ жиектерін қайшымен қию арқылы жасалуы;
5)құжаттың өзін, конвертті, оралған затты, барлық қолда барды сақтауы. Еш нәрсені лақтырмауы;
6)басқа адамдарға хаттың (жазбаның) мазмұнымен танысуға рұқсат етпеуі;
7)хатты (жазбаны және т.б) алған немесе тапқан кездегі жағдайды есте сақтауы;
8)алынған авторы беймәлім материалдардың үстінен жазуға, сызуға болмайды. Оларды бүктеуге, умаждауға, тігуге, желімдеуге рұқсат етпеуі;
9)алынған авторы беймәлім материалдарды олардың нақты белгілерін (түрін, санын, қандай тәсілмен және неде орындалғанын, мәтіннің қандай сөзден басталып және қандай сөзбен аяқталатын, қол қойылғандығы және т.б), сондай-ақ оларды табу немесе алу жағдайларын нақты көрсетіп, ілеспехатпен құқық қорғау органдарына жіберулері керек.

Жарылыс қаупі туралы ақпарат алған кездегі
басшыларға арналған ұсынымдар

1. Үрей тудырмау.
2. Сөз таратпау.
3. Қауіп туралы «02» телефоны арқылы дереу хабарлау.
4. Алынған ақпарат туралы тек өзінің қауіпсіздік қызметі бастығына немесе арнайы дайындығы бар қызметкерлер тобына хабарлау.
5. Құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін күдік тудыратын заттар болуы мүмкін орындарды анықтау үшін қызметкерлерден сұрақ алуды ұйымдастыруы.
6. Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас затқа жақындамау.
7. Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат көрсетіле отырып, объектінің тәсімін жасау.
8. Тиеу-түсіру жұмыстарын, соның ішінде қоқыс жәшіктерін төгуді де тоқтату.
9. Ғимарат жанында тұрған автокөліктерді тексергеннен кейін қауіпсіз жерге апарып қою.
10. Жағдайды талдау және көшіруге шешім қабылдау.

Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі адамдарға арналған жаднама

Табылған заттың жарылыс қаупі болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері:
1)машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
2)машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;
3)бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы;
4)табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);
5)Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін. Жарылғыш құрылғылар үшін камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:
1)қоғамдық көлікте:
– қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
– заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз;
– егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге (машинистке және т.б.) хабарлаңыз.
2)үйіңіздің кіре берісінде:
– көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.
3) көшеде, саябақта және т. б.:
– айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, полиция қызметкерлеріне немесе тікелей ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз;
– құқық қорғау органдары келгенше затты бөгде адамдардан оқшаулауға тырысыңыз. Олар келген соң зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.
4) мекемелерде, ұйымдарда:
– тауып алған зат туралы объект әкімшілігі басшысына дереу хабарлаңыз.

Мыналарға тыйым салынады:
– табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;
– табылған бөгде затты пайдалануға;
– заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға;
– көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
– жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
– заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
– мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;
– табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған адамдарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда, саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.
Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, жасымауға тырысыңыз. Тынышталыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді біреулердің құтқаратынына иландырыңыз. Дыбыс беру және бір нәрсені тарсылдату арқылы адамдардың көңілін аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.
Егер айналаңыздағы кеңістік біршама кең болса, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.
Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз. Мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі объект қызметкеріне арналған жаднама

Жұмыс орындарыңызда қала отырып, құқық қорғау органдарына, объект басшысына немесе күзет қызметкеріне дереу хабарлаңыздар. Команда бойынша ғана іс-қимыл жасаңыздар.
Күдікті затқа жақындамаңыздар және қолмен ұстамаңыздар.
Үрей тудырмай, қауіпті аймақтан кетіңіздер және адамдарды аулақтатыңыздар. Көшіру адамдарды күдікті зат жатқан аймақ арқылы өткізбей жүргізілуі тиіс. Есте сақтаңыздар, толық көшіру құқығы басшыға ғана тиесілі.
Арнайы бөлімшелер келгенге дейін қауіпті аймақты қорғаңыздар немесе оған бөгде адамдардың кездейсоқ кіріп кетуін басқа да тәсілдермен болдырмаңыздар.

Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі
басшыларға арналған ұсыныстар
1. Үрей тудырмау.
2. «02» телефоны бойынша дереу хабарлау.
3. Жарылыс қаупі бар зат жатқан аймақты қоршау.
4. Жағдайды бағалау және қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылдау.
5. Толық немесе ішінара көшіруге шешім қабылданған жағдайда оны ұйымдасқан түрде жүргізу. Бұл үшін алдын ала пысықталған командаларды пайдалану ұсынылады. Мысалы, «Оқу-жаттығу өрт дабылы! Бәріңіз сыртқа шығыңыздар!»
6. Көшіру адамдарды жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат жатқан аймақ арқылы өткізбей жүргізілуі тиіс.

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша
халыққа арналған жаднама
Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.
Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:
1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;
2) егер өзіңізді немесе көзіңізді байлап қойса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалдық тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау органдарының кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;
4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда құқық қорғау органдарына көмегі тиеді;
6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;
8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жату;
9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:
1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;
2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
3) бастапқыда-ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;
4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;
5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;
6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:
1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;
2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;
3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына сеніңіз.
4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;
5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Мынадай ережелерді ұғып алған пайдалы:
1)аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;
3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек. Дінге сенушілер дұғалардан жанына тыныштық іздеуі мүмкін;
4) егер мүмкіндік бола қалса, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.
5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.

Қызмет көрсету аумағында адамдар кепілдікке алынған объект басшысына, күзет құрылымдарының қызметкерлеріне арналған жаднама
Есіңізде жүрсін, кепілге алынған адамдардың өмірі саудаға түскен зат сияқты үнемі қауіп-қатерде болады, сол себепті үрейге бой алдырмастан:
1) қалыптасқан жағдай туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
2) өз еріктеріңіз бойынша террористермен келіссөз жүргізбеу;
3) объектіге құқық қорғау органдары, құтқару қызметі қызметкерлерінің, медициналық көмек автомашиналарының кедергісіз жүруі (өтуі) үшін шаралар қабылдау;
4) ҰҚК және ІІМ арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері келгенде оларды қызықтыратын ақпаратты алуы үшін көмектесу;
5) қажет болғанда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян әкелмесе, қылмыскерлерге қарсы келмей, қылмыскерлердің талаптарын орындау, маңайындағылардың және жеке өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау;
6) қылмыскерлер қару қолданып, адам өмірін қиюға әкеп соқтыратын іс-әрекетке бармау керек.

Қоныс аудару туралы ақпарат алған кездегі
халықтың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:
1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алауошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;
3) көшу кезінде егде және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
4) кіреберіс есікті құлыптап жабыңыз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:
1) асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсімінде белгіленген бағытпен жүріңіз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

Жарылғыш құрылғы болуы мүмкін жарылғыш құрылғы немесе күдікті зат тапқан кезде ұсынылатын көшу және қоршау аймақтары

1. РГД-5 гранатасы 50 метрден кем емес
2. Ф-1 гранатасы 50 метрден кем емес
3. Массасы 200 грамм тротил қопарғыш құты 45 метр
4. Массасы 400 грамм тротил қопарғыш құты 55 метр
5. 0,33 литрлік сыра құтысы 60 метр
6. МОН-50 минасы 85 метр
7. Шабадан (кейс) 230 метр
8. Жол шабаданы 350 метр
9. «Жигули» үлгісіндегі автомобиль 460 метр
10. «Волга» үлгісіндегі автомобиль 580 метр
11. Шағын автобус 920 метр
12. Жүк автомашинасы (фургон) 1240 метр

«Ел болашағы – жалынды жастар»
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында, зағип жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, жан – жақты білімін кеңейту, экономикалық – әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында «Ел болашағы – жалынды жастар» атты әңгіме өткізілді.
Әңгіме барысында Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты екендігі, әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, яғни, салауатты өмір салтын ұстануы алғышарт болып табылатындығы, жастар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі екендігі айтылып өтті.
Шараға көз мүгедектері Бернар Сертеков, Санжар Қанатбек, Нұрсұлтан Ақбаев т.б. кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып өз пікірлерінде ортаға салып, болашақтағы армандарымен бөлісті.

19955832_500164173659370_6970637056284572562_o 19983942_500164270326027_4210747882124666383_o

«Астана-отанымыздың жүрегі, Елбасы-тәуелсіздігіміздің тірегі»
4 шілдеде Астанаға 20 жыл толуына орай жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Астана-отанымыздың жүрегі, Елбасы-тәуелсіздігіміздің тірегі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кеш барысында ежелгі Астананың шығу тарихынан бастап, қазіргі Астананың жеткен жетістіктері сондай-ақ, Астанада өткен бесінші құрылтай съезі және Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі өткізілгендігі жайлы айтылып, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі туралы бейнеролик көрсетіле отырып таныстырылды.
Шара соңында кітапханашы «Еліміздің жүрегі Астана» атты тақырыптық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
DSC_0312 DSC_0319

3 шілдеде Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында қазіргі таңда жаhандық проблемаға айналып отырған діни экстремизм мәселесі жөнінде, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Діни экстремизм – ақиқат діннің жауы» атты ой бөлісу «Тектұрмас» мешітінің имамы Кенжеғұлов Алмастың қатысуымен өткізілді.
Ой бөлісуде кітапханашы діни экстремизмнің пайда болуы және белгілеріне тоқталып өтсе, «Тектұрмас» мешітінің имамымы оқырмандарға имандылықтың тәрбиелік мағынасы жайлы және діни экстремизмнің теріс жолдарын дін тарапынан оқырмандар сұрақтарына жауап беріп отырды.
Имамның қатысуымен өткізілген ой бөлісу діни тұрғыда қызу пікірталаста өтті.
DSC_0270 DSC_0288

«Бүгінгі жастардың денсаулығы:қауіп қатер және алдын алудың тиімді әдістері»
Бүгінгі жастардың жат әдеттерден, ішімдік, нашақорлық ,шылым шегушіліктен сақтандыру, салауатты өмір салтын ұстану,өз нәпсісін тыя білуге ,тазалыққа тәрбиелеу мақсатында Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерілері Кейкиева Меруерт Онғарбекқызы мен Тулепбергенова Меруерт Калиқызының қатысуымен «Бүгінгі жастардың денсаулығы:қауіп қатер және алдын алудың тиімді әдістері» атты пайдалы кеңес сағаты өткізілді.
Шара барысында дәрігерлер жас ағзаға зиянды әдеттердің кері әсері туралы слайд, бейнеролик арқылы әңгімелеп, пайдалы кеңестерімен бөлісті. Зағип оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, денсаулық жайлы,
әр – түрлі жадынамаларды таратты.

19452905_490204141322040_4463682330493450374_o 19452961_490204264655361_8889771001003770563_o 19466403_490204161322038_6262094057090873795_o 19466535_490204151322039_5661110181998666968_o

«Мәңгілік ел» идеясын спорттық жарыс арқылы насихаттау, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлікті дәл осы спорттық жарыстарда өлшеуді ұсына отырып, үстел ойын түрлерін насихаттау және күнделікті спортпен шұғылдануға баулу мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Мәнгілік Ел» атты стол ойындарынан жарыс Жамбыл облыстық «Қанағат» спорттық мүгедек жастар қоғамындағы спортшылар (көз мүгедектері) арасында өткізілді.
Бүгінде ой-өрісті дамытатын шахмат ойынына деген қызығушылар қатары артуда. Әсіресе, зағип жандардың үлесі ерекше. Стол ойыны жарысына 3 топ шахматтан, 2 топ дойбы ойнаудан бәсекеге түсті .
19055201_480559328953188_7756347858548108295_o 19055290_480559418953179_4762215064843791988_o 19143867_480559325619855_9189224743365213181_o

19144060_480559425619845_8974697682410772002_o

«Біз кітапханаға барамыз»
7 маусымда дәстүрлі «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқа мерзімді сағ: 11.00 – 15.30 аралығында жаздық лагері арнаулы кітапханада зағип оқырмандардың тілегі бойынша 7 маусым мен 9 маусым аралығында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – арнайы кітапхананың зағип оқырмандарының көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету, білім алуға, оқуға деген ынтасын арттыру, кітапханаға тарту.
7 маусым күні балаларға арналған «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқа мерзімді жаздық лагердің ашылу салтанаты «Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілікпен басталды.
8 маусымда лагерьдің екінші күнінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанына орай балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен оларды еңбектің ең нашар түрлеріне тартуға жол бермеу, балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру , балалардың өз мүдделерін қорғауды үйрету мақсатында «Бала еңбегін қорғау» – атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс –шарада «Біз зорлық – зомбылыққа қарсымыз» – тақырыбында слайд көрсетілді».
9 маусымда лагердің үшінші күнінде мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың балаларына арналған жаздық лагерінің жабылу салтанатында «Бала еңбегіне қарсымыз» – атты ән кеші өткізілді.
Ән кешінен соң балаларға қазақ драма театрына «Күл патша» – атты қойылымды көру ұйымдастырылды. Театрдан келген соң «Көп оқыған, көп біледі» атты мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып жарысып, соңы ұлттық «Бестас», «Ханаталапай» ойындарын ойнады.
Жаздық лагерьде белсенділік танытқан балаларға алғыс хат пен сыйлықтар берілді. Бұл шараға қатысқан балалардың ата-аналары өте риза болып кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты
DSC_0173 DSC_0174 DSC_0175 DSC_0187 DSC_0219 DSC_0221

“Әдебиетті өлке”
6 маусымда «Мәңгілік алау» аллеясында «Әдебиетті өлке» атты /ашық аспан астында/ әдеби-саяхат өткізілді. Іс-шараның мақсаты өлкеміздің тарихын, өлкеміздегі ақын – жазушыларымыздың рухани асыл мұраларын насихаттап жас ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. арнайы кітапханаға оқырмандар тартуда кітапхананы білетіндерге «көңілді смайлик», білмейтіндерге «таң қалған смайлик» (мекен-жайымыз жазылған) таратылды. Шара барысында Тараз техникалық колледжінің білімгергері, №10 орта мектебінің, №21 орта мектебінің оқушылары қатысып, өлкеміздегі ақын – жазушыларымыздың жырларын мәнерлеп оқыды.
Тараз қаласының тарихы атауы қайтарылғанына 20 жыл толуына орай орта ғасырдағы Тараз туралы деректерді оқырмандарға жеткізу мақсатында «Тараз-ғасырлар куәсі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалынды. Әдеби – саяхатқа көрермендер көп жиналып өте қызықты да, көңілді өтті. Кітапханаға жаңа 15 оқырман тартылды.
DSC_0173 DSC_0180 DSC_0195 DSC_0217 IMG_20170606_111336 IMG_20170606_112600

«Жарқырап елтаңба, жайқалсын туымыз»
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 2 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл толуына орай мемлекеттік рәміздердің – халқымыздың рухын, ұлттық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгілерін, оны құрметпен мақтан тұту, ой өрісін кеңейту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жарқырап елтаңба, жайқалсын туымыз» атты әдеби – жыр кеші өткізілді.
Шара барысында Мемлекеттік әнұран орындаладып, ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің шығу тегі мен авторлары туралы қысқаша түсініктеме беріліп, Ақбаев Н. «Елім менің», «Көк тудың желбірегені» әндерін орындап, кітапхана қызметкерлері ұлттық рәміздер туралы өлеңдер оқылып, «Рәміздерім – мақтанышым» атты бейнеролик айналып тұрды.
Кеш соңын «Туған жер» атты (слайд) көрсетіліп, «Атамекен» әнімен аяқталды. Кеш патриоттық сезімде өтті.
DSC_0153 DSC_0155 DSC_0157

“Балғын балалар біздің болашағымыз”

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге өз қоғамында өнерлі, білімді, озық болуға тәрбиелеу мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Балғын балалар біздің болашағымыз» атты ертеңгілік болып өтті.
Ертеңгілікте «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанын басшылыққа ала отырып, бала еңбегін пайдалану түрлерін, балаға қатысты зорлық – зомбылықты алдын алу мен күресу туралы айтылып, «Біз бақытты баламыз» атты бейнеролик көрсетіліп, әртүрлі сұрақтарды талдап, пікірлері тыңдалды. №11 орта мектебінің оқушысы Әбдуали А. ұлттық би «Қамажай», «Ча – ча» биін билесе, № 53 орта мектептің оқушысы Сатымбек Д. «Қасиетті домбыра», «Балдәурен» әндерін орындап берді. №10 орта мектебінің оқушысы Іргебаев Ә. «Самға» әнін орындап, қыздары «Флешмоб» биледі. №10 орта мектебінің оқушысы Қосубақ Е Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» атты монологынан үзінді оқылды.
Шара соңында «Көтеріңкі көңіл күй» жаттығуымен «Ұшты ұшты» ойынымен аяқталды. Ертеңгілікке қатысқан балаларға балмұздақтар таратылып берілді. Ертеңгілік өте көңілді де, қызықты өтті.

DSC_0056 DSC_0071 DSC_0077 DSC_0088

«Зұлмат жылдар – жан -жарасы»
31 мамыр құғын- сүргін құрбандарын еске күніне орай өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухта тәрбиелеу мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында «Зұлмат жылдар – жан -жарасы» атты еске алу кеші өткізілді.
Кеш барысында қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарын көрсете отырып, осы қиын жылдары елінің азаттығыны, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына ерекше тоқталып отырды.
Сондай – ақ, «Зұлмат жылдар – жан -жарасы» атты слайд пен ашаршылық туралы видеодерек көрсетілді.
Кеште №10 орта мектеп оқушысы Мәвленберді Дәуірхан «Алға Қазақстан», «Батырлар ұраны», «Жаным қазақ» патриоттық әндерін нақышына келтіріп орындады.
DSC_0060 DSC_0067 DSC_0069 DSC_0072

«Діни сауаттылық – уақыт талабы»
Қазақстан халқына діни экстримизм, терроризммен ымырасыз күрес жүргізу керектігін насихаттау, лаңкестік және діни экстремистік бағытта келеңсіз уақиғаларға жол бермеу мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы № 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну ортылығында Шахи зуннун мешітінің имамы Хадиметов Абдуллахидың қатысуымен «Діни сауаттылық – уақыт талабы» атты имандылық кеш өткізілді.
Имандылық кеш барысында № 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну ортылығынын тұрғындары мен қызметкерлері өз ойларындағы діни сұрақтарын қоя отырып,пікір алмасты.

DSC_0090 DSC_0092

«Аңызға айналған тұғырлы тұлға»
Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актері Асанәлі Әшімов – 80 жасқа толуына орай мәдениет саласына сіңірген еңбегін жастарға үлгі ету мақсатында «Аңызға айналған тұғырлы тұлға» атты бейнеролик өткізілді.
Бейнероликте Асанәлі Әшімовтың осы кезге дейінгі актерлік шығармашылығы, атқарған қызеттері туралы көрсетілді.

DSC_0043 DSC_0047

«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған»
Бір мезгілде бүкіл ел болып, бір кітапты оқып-талқылау болып табылатын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кезекті кезеңін өткізуге «Жыл кітабы – 2017» таңдауына қазақ әдебиетінде жаңа арна, тың серпін туғызған ерекше тұлға, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу және насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» атты әдеби кеші «Мәңгілік алау» аллеясында өткізілді.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері мен №10 орта мектебінің оқушылары ақынның шығармаларынан өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Өткізіліп жатқан іс-шараға қызығушылық танытқан кітап сүйер қауымға Сұлтанмахмұттың шығармалары жазылған жарнамалық парақшалар, бүктемелер таратылып, әдеби кешке қатысуға, кітаптарын оқуға шақырылды.
Шараға БАҚ өкілдері қатысты.

DSC_0051 DSC_0088 DSC_0095 DSC_0103

DSC_0151

«Мәдениет – мәңгілік өнер»
21мамыр – Мәдениет және өнер қызыметкерлерінің күніне орай жергілікті өңірдегі мәдениет қайраткерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың дәстүрлі ән өнерін және музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы мәдени – рухани байлығын арттыру мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашақ» мектеп интернатында дәстүрлі «Мәдениет – мәңгілік өнер» – атты филармония әншілерімен кездесу кеші өткізілді.
Кештің қонақтары еліміздегі Республикалық және облыстық бірнеше байқаулардың иегері, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматова және Қазақстаның мәдениет қайраткері жыршы – термеші Өміралиев Дүйсенбек.
Шара барысында қадірлі қонақтар өздерінің өнердегі өмір жолдарымен таныстыра отырып «Тұман», «Домбыра», «Сары ой» әндерін, «Тыңда, дала, Жамбылды» термесін оқушыларға тарту етті. Кешке БАҚ өкілдері қатысты

18527212_465994877076300_7950219885076132473_o 18556843_465994770409644_8396427672255283609_o 18556698_465994767076311_1306907997350224886_o

«Тараз – ортағасырлар өркениеті»

Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. Тарихи деректерге сүйенсек 1856 жылы қала Әулие – Атаатымен, 1856 жылы қаңтарда Мирзоян аты беріледі. Ал 1938 жылы мамыр айында ақын Жамбыл атамыздың аты берілді. 1997 жылы 8 қаңтарда Жамбыл қаласының киелі де, қасиетті орындарының бірі Қарахан кесенесінің алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жамбыл қаласына Тараз атауын беру туралы тарихи Жарлығына қол қойды.Тараз атауымен бірге халқымыздың тарихы да жаңа белеске көтерілді.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Тараз қаласының тарихи атауы қайтарылғанына 20 жыл толуына орай «Тараз – ортағасырлар өркениеті» атты әдеби саяхат өткізілді.
Шара барысында арнайы кітапханадағы кітап қорындағы «Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналары», «Тараз Жібек жолының інжу-маржаны», «Қазақстанның ежелгі қалалары», «Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» және т.б. кітаптарға әдеби саяхат жүргізілді. Тараз тарихы жөнінде викториналық сұрақтар берілді.

DSC_0016 DSC_0018

 





<!– /* Font Definitions */ @font-face {font-family:Calibri; panose-1:2 15 5 2 2 2 4 3 2 4; mso-font-charset:204; mso-generic-font-family:swiss; mso-font-pitch:variable; mso-font-signature:-520092929 1073786111 9 0 415 0;} /* Style Definitions */ p.MsoNormal, li.MsoNormal, div.MsoNormal {mso-style-unhide:no; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:””; margin-top:0cm; margin-right:0cm; margin-bottom:10.0pt; margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:”Calibri”,”sans-serif”; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:Calibri; mso-fareast-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:”Times New Roman”; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;} p.MsoNoSpacing, li.MsoNoSpacing, div.MsoNoSpacing {mso-style-priority:1; mso-style-unhide:no; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:””; margin:0cm; margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:”Calibri”,”sans-serif”; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:Calibri; mso-fareast-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:”Times New Roman”; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;} span.newstext {mso-style-name:newstext; mso-style-unhide:no;} .MsoChpDefault {mso-style-type:export-only; mso-default-props:yes; font-family:”Calibri”,”sans-serif”; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:Calibri; mso-fareast-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:”Times New Roman”; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;} .MsoPapDefault {mso-style-type:export-only; margin-bottom:10.0pt; line-height:115%;} @page WordSection1 {size:612.0pt 792.0pt; margin:2.0cm 42.5pt 2.0cm 3.0cm; mso-header-margin:36.0pt; mso-footer-margin:36.0pt; mso-paper-source:0;} div.WordSection1 {page:WordSection1;} –>


Тараз, 2019
Кіріспе

            Құрметті оқырмандар,  жыр сүйер қауым! Табиғат – Ананың төсін еміп, кеудесінде жүгіріп ойнаған қаймана қазақ қашан да от ауызды, орақ тілді ақиық ақындарға, жайсаң жазушыларға кенде болған емес! Нар аунаса жүк қалған, тұлпар аунаса түк қалған киелі мынау өлкеде бүгін тағы да үлкен мереке!
Біздің  елімізде рухани мұрамызды сақтау мақсатында   республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
 Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.       
 «Бір ел – бір кітап» акциясы Абайдың «Қара сөздерімен» басталып, Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романына, Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына, Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын », Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романына жазушы Оралхан Бөкейге, Фариза Оңғарсынованың «Дауа», былтырғы жылы  Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдалса.
Республикалық “Бір ел – бір кітап” акция комитеті мен әлеуметтік желідегі оқырмандардың таңдауы арқылы 2019 жылы жазушы Әбіш Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” романы және ақын Әбділда Тәжібаевтың  өлеңдері таңдап алынды.
           Міне осы тұрғыда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  жазушы Әбілда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Жүректен орын алған түлға» атты әдістемелік құралын ұсынып отыр.
 



 
  «Біздің поэзияда барлығы бар, жолдастар. Бұлдыр көретін көз емес, жарық, айқын көретін көз керек. Оны айтатын сөз керек. Сылдыр сөз емес, ғылыми, азаматтық сөз керек»
                                                         Әбділда Тәжібаев
 
 
 
“Сыр елі- жыр елі”
Әбділда Тәжібаевтың өмірбаяны
Әбділда Тәжібаев – туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.  Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. “Сыр елі-жыр елі” атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.
 Әбділда Тәжібаев (1909-1998) Қызылорд қаласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген. Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды.
 Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді.
 Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.
 Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар
берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.                    
Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
 Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған. Жаңа бір түсіп, шам сөнді, Ашыла түсіп, гүл солды, – деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған. Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақын кейін өзінің “Еске алу” деген шағын поэмасында отбасының жетім-жесірлік қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесі туралы жүректе шер боп қалған аңсары жайында: Есімде жоқ шын суреті, Әкем менің қандай кісі. Тек елестей бұлдырайды Әлдекімнің көлеңкесі, – десе, өмірге де, еңбекке де, өнерге де бейімдеп тәрбиелеген аяулы нағашы атасы туралы “Сыр жырлары” топтамасында жер ортасы жасқа келген ақын: Кейде түске кіреді, Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін, Нағашы атам таяғын. Жүгіремін жағалап,
Сырдың жайпақ жағасын. Кәрі көзбен сығалап, Қарар маған нағашым. Бірде қуып жүремін Шіркей мен шыбынын. Айдап бірде жүремін Нағашымның шығырын… Босайды екен көңілің Туған жерге келгенде: Көрініп тұр жып-жылы Көп тырнаған шеңгел де. Кейде түске кіреді Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін Нағашы атама таяғын, – деп еске алады. Жоғарыда аталған поэмасының кейіпкері қаладағы оқу орнына аттанғаны туралы: Қар да құйды жапалақтап, Тоқтамастан бастым алға. Тұңғыш ізім бақыт қуған Тұңғыш жауған түсті қарға, – дейді. Бұл Әбділданың өзі туралы айтылған сөз еді. Шынында да, ол 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді.
Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді Еңбек жолын “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың “Жұмысшының гудогі” өлеңі 1926 жылы “Жұмысшы” газетінде басылады. Бұл – оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері “Жұмысшы” және “Еңбекші қазақ” газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. “Жаңа ұрпақ” (1935), “Лирикалар” (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі “Оркестр”, “Абыл”, “Толағай” сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған “Ақ қайың” деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: “Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын” деп (1939) бағалайды.
 Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. “Қазақ әдебиеіті” газетінің бас редакторы болады.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын
көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.
 
Слайд
 
              Слайд тақырыбы: «Толағай ақын, толастамас жыр» Слайд 9 беттен тұрады. Бұл слайд Әбділда Тәжібаев өмірбаяны, шығармалары туралы.                                                                           
       Осыған орай,  кітапханасында  «Бір ел- бір кітап» акциясының ашылу салтанаты ұйымдастыруға болады. Акция барысында  белсенді оқырмандар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқу. Экраннан кітапхана жайлы деректі фильм көрсетіліп, кітап  хит парады ұйымдастыру.  Шараға жергілікті ақын-жазушылар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен  студенттері,  БАҚ өкілдері қатыстыру. Кітап көрмесіне және даналық ағашына  библиографиялық шолу жасау.
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі
 Мақсаты: Ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру және шығармашылығымен таныстырып,туған жеріне, табиғатына арнаған «Сырдария» өлеңі арқылы өскелең ұрпақты туған жерін бағалауға ыстық екендігін сезінуге, сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту. Туған жерді, елді сүюге, табиғат анамызды қорғауға, құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.
 
Түрі: Сұрақ- жауап кеші
 
Көрнекілік: Ақынның өмірімен шығармашылығына арналған слайд, Кітап көрмесі, суреттер,домбыра, күй.
 
Барысы:  Сәлемдесу.оқырмандарға  жағымды ахуал туғызу. Бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ – жауап арқылы бір- біріне жақсылық пен сәттілік тілейді.
            Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділдә Тәжібаев ағамыздың өміріне, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.
Түсіну: 1.Өлеңді мәнерлеп оқиды. 2.Сырдарияны картадан көрсету. 3.Оқырмандарға өлеңді мәнерлетіп оқытыу. 4. Бейнесюжет
Кітап көрмесімен жұмыс. «Сырдария» өлеңін сатылай талдау
 1.Авторы – Ә. Тәжібаев
 2. Тақырыбы – Туған жер
3. Идеясы – Туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу
 4. Жанр түрі – Поэзия
5. Лирикасы – Табиғат
 6. Шумақ – 9 шумақ


        Кітаппен жұмыс (слайдпен жұмыс).
1. Гейне – неміс ақыны
 2. Рейн – Германиядағы өзен
3. Тарас – украин
4. Днепр – Украинадағы өзен
5. Пушкин – орыс ақыны
6. Еділ (Влога) – өзен
– Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.
1) Өлең тақырыбы не жайында?
2) Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді?
 3) Оны қай жолдардан байқауға болады?
 4) «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? 5) Анаға ұқсас ұғымды қалай, не арқылы білдіреді?
 6) Лирика деген не?
7) Бұл өлең лириканың қай түріне жатады?

Қорытындылау.
 
Ақын жайлы қаламгерлер пікірі
            Қазақтың аса көрнекті ақыны Әбілда Тәжібаевтің «Сырдария» кітапханасының құрамында берілген 5 томдық шығармалар жинағының 1 томына ендірілген өлеңдері ақынның 1978 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген 5 томдық шығармалар жинағының І, ІІ томдарынан алынды. Ақын шығармалары толық қамтылғандықтан, біз осы жинақты негізге ала отырдық. Сондай-ақ ақынның республикалық, облыстық және жергілікті баспасөздерде жарияланған шығармаларын назардан тыс қалдырғанымыз жоқ. Бұл томға ақынның 1928-1960 жылдарда жарық көрген туындылары ендірілгендіктен, осы уақыттар аралығында жарық көрген жекелеген кітаптары: «Жаңа ырғақ» (1934), «Өлеңдер мен поэмалар» (1949) , «Сүйген жүректер» (1951), «Аралдар» (1958)т.б. қайтадан қарап, 1978 жылғы жинақтағы шығармалармен салыстырып алдық. Ақын
өлеңдері осы жинақтардағы қалпын сақтап, ешбір өзгеріссіз алынды. Ақын шығармашылығының алғашқы кезеңдеріне тура келгендіктен бұлжинақтағы өлеңдердің көпшілігі – социалистік реализм әдісінің жемісі. Саясат, үгіт-насихаттың бағыттарға көбірек басымдық берілетін мұндай шығармалар өз уақытының үні мен сыры болғандықтан, оларды редакциялау не қысқарту біздің мақсатымыз емес. Біздің міндетіміз ақын шығармаларын мүмкін болғанынша толық қамту болып табылады.
Қазақ поэзиясының Кеңестік кезеңінің бүкіл тыныс-тіршілігі толық танылатын Ә. Тәжібаев өлеңдерін жазылған жылдарына сәйкес хронологиялық тәртіпті сақтай отырып, осы жинаққа енгіздік.
                                                                                         Бағдат Кәрібозұлы
Әбділда тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер. Екіншісі – поэмалар. Үшінші саласы – пьесалар болады.
Лирикалық қысқа шығармаларынан бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады. Бұл ақынның өзі туған өлке, өзеніне — Сыр бойына арналған өлең. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа, әсем әндей шыққан анық көркем жыр.
Сыршылдық шығармалардың Әбділда тудырған көркем өрнектерді көп деуге болады. Бұған «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Келіншекпен кеңес», «Қойшы жыры», «Достық жыры» және үлкен көркемдікпен қоса әлеуметтік сана-сезімін терең танытатын әрі күйлі нақысты, әрі толғаулы «Оркестрді» қосуға болады. Лирикалық шығармалардың соңғы бір кезеңінде, Әбділда ақындығының бұл жанрда – үлкен шыншылдық және шын шеберлікке жеткен сатысын танытатын жетім балалық шақты толғаған өлеңдері.
Тағы бір топ поэмалары тарихи тақырыптарға, тарихи аңызға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Кілемшілер туралы ертегі», «Толағай», «Мерген» т.б. Пьесалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» т.б.
Жыл санап өнер арттырып, жазушының мәдениетіне терең бойлап, қазақ поэзиясына қызықты жемістер беріп келген Әбділда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады.
                                                                                             Мұхтар Әуезов
Ол – әдебиеттің тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген, жаратылыстан қайсар мінезді, адал ер азамат еді.
Әбділда Тәжібаев — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінен ала бастаған ол содан бергі дәуірлердің барлығында да қазақ халқының өмір шындығын белсенді жырлауға үн қосып, өнерпаздық тәжірибесін жетілдірді. Оның поэзия саласындағы еңбегіне қоса, ұлттық драматургияны, әдеби-сыншылдық ойларды дамытуға қосқан үлесі де аз емес. Ақынның, әсіресе қазақ лирикасын ойлы, сырлы нақыштармен байыту жолындағы еңбегі атап айтарлықтай.
                                                                                        Рахманқұл Бердібаев
Әбділда Тәжібаев өлеңдері:
Көкек
Бір қонып, бір секектеп,
Атым менің «көкек!»- деп.
Керек болса саған жаз
Келдім дейді жетектеп.
Қорықпандар жаз өтет деп,
Мен ғой келген жетектеп,
Тұрады жаз тамылжып,
Қойсам болды «көкек!»- деп.
Отарбада
Бейне перне тізілген,
Шпал қалай көп еді,
Шегіндей домбыра
Рельстер күй төгеді.
Басып перне күй гулеп,
Міне отарба жөнеді.
Қазақстан ән-жырын
Өрге тартып келеді.
Жүйрік болат паровоз
Мені де өрге тартады,
Шайқап жарық вагондар,
Бойда қуат артады.
Терезеден қараймын,
Дөңгелейді айналам.
Қандай жүйрік отарбам,
Қандай қызық заманам!
1936
Алыстан хат
Сезсең кейде соққан жылы
Жаздың жанға жайлы лебін,
Жат көрме, ол аңсап сені
Ақырын менің алған демім.
Сыбырласса көк жапырақтар.
Тілдескендей қоңыр желмен –
Тыңда да сен, сыр алып қал
Сыбырлаушы онда да мен.
Терезеңнің әйнегінен
Ай қараса айдын көктен,
Мен де қарап тұрмын бірге
Ойлан, гүлім, ұйықтап кетпе.
 
1943
 
Асам деп Алатауымнан
Асам деп Алатауымнан
Қап-қара бұлттар келеді.
Демінен соғып қар, боран
Қанатын жая төнеді.
Күркірейді көк долы
Жалтылдатып семсерін.
Тосып тұр оның тау жолын
Кеудесін кернеп ер сенім.
1947
 
Бар еді бір жылқышы
 
Бар еді бір жылқышы
Танысып ем жайлауда.
Қағушы еді домбыра
Қыз ұзатқан тойларда.
Ағып тұрған әнші еді
Арнап туған сайрауға.
Тоймаушы еді талғанша
Түнде ақсүйек ойнауға.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
Жылқышы бір, жел де бір
Жел қайда деп кім сұрар?
Жүйрікті таңдап мінгеннің
Өзінде ғой ықтияр.
Я бір биік жартаста
Ортекедей тұр шығар,
Я бір жасыл жазықта
Желідей есіп жүр шығар.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
1957
 
Бір драматург туралы
 
Ұзақ түнде көп күшенді ісініп,
Пьеса шіркін шыға қоймай, қысылып.
Жамап-жасқап қырық шоқпытты ақыры
Көріп еді театрға ұсынып,
Жаман астай жаздыкүнгі жақпаған
Жақсы артистер ауырыпты ұшынып.
Балаларға
Жатыр жолын жалғасып ұзақтарға,
Кейде құлап кетеді құзаттарға.
Жалтаң-жалтаң артыңа көз тастайсың.
Бас ілгері, сескенбе, адаспайсың.
Жалтаңдама, шырағым, бойыңды жи,
Күтер сені орында үйренген үй.
Сақал шықпай оралма сағынсаң да,
Мұз төсеніп, суық қар жамылсаң да.
Қиыннан тап ұясын бақытыңның,
Қадірлей біл минутын уақытыңның.
Жарыңды да іздей біл сол ұзақтан,
Әділ серік болмас-ты оңай тапқан.
1955
 
Алтын ай
 
Терезеден тесіліп,
Қарасам сұлу далаға.
Айды көрем қалғыған
Ұсаған жас балаға.
Жастанғаны жұмсақ бұлт,
Жұмсартыпты жамбасын.
Жатыр жалқау бүркеніп,
Сүйіп ұйқы жолдасын.
Аш көзіңді, алтын ай,
Көміле берме ұйқыға!
Оятамын, қоймаймын,
Жатқызбаймын ұйқыда.
Бөлене бермей бесікке
Аш көзіңді, алтын ай!
Өлеңнен өрнек кестелеп,
Отырмын мен де ұйықтамай.
Ұйықтама, тыңда, алтын ай,
Айтайын қызық сырларды.
Сырласып сұлу далада
Күзетейік қырманды.
Аш көзіңді, алтын ай,
Көміле берме ұйқыға,
Оятамын, қоймаймын,
Жатқызбаймын ұйқыда.
1934
 
Ауылдағы азан
 
Естуші едім ауылда
Молдамыздың азанын.
Азан үні шыққанда,
Кетіріп жол тозаңын –
Намазға жұрт баратын,
Мешіт лық-лық толатын,
Барлық мойын иіліп,
Барлық қабақ түйіліп,
Тірлік қамын ұмытып,
Бір Аллаға сыйынып –
Құблаға жұрт құлайтын,
Иман, ұжмақ сұрайтын.
Балапандар жыры
Қақтық қанат балапандай
Жасыл дала көк торғында.
Қызыл шешек дамыл алмай
Қол бұлғайды кел деп мұнда,
Қақтық қанат балапандай
Гүлден гүлге, нұрдан нұрға.
Әнші бұлбұл дамыл алмай
Дейді бізге жырла, жырла.
Қақтық қанат балапандай
Айдын келге, ағын суға,
Айдай аққу дамыл алмай
Шақырады үн қосуға.
Қақтық қанат балапандай
Бақытты Отан құшағында.
Бізден ерлік көзін алмай
Шақырады кел деп мұнда.
1940
 
Алатау
Ұқпаймын тілін теңіздің,
Таныған жоқпын тереңін.
Білмеймін сырын толқынның,
Білмеймін сырын кеменің!
Сүйемін туған тауымды,
Тәкаппар оның тұлғасын,
Бөгеген тентек дауылды,
Бүкпеген тізе мың ғасыр.
Киініп сауыт көк мұздан,
Жамылған қардан желеңін,
Ұшырып бүркіт шың, құздан,
Жаттатқан маған өлеңін.
Жатсам түнде дамылдап
Күзетімде ол тұр менің.
Тілегендей сыбырлап,
Тірлігімді бір менің.
Пердесін түннің ысырыіт,
Тұрғызады ол – таңды да,
Көтеріп күнді ұсынып,
Тартады менің алдыма!
1947
 
Ақын
 
Кеудесі шын акынның күй сарайы,
Алады төгіп-төгіп келсе орайы.
Жаңбырдай нажағайлы нөсерлеткен
Жерінде гүл шайқалар құйып өткен,
Жас дүние алдында үміт, жас ұрпағы,
Жарқылдар жаздай жасыл болашағы,
Бүгіннен ертеңіне қадап көзін
Арнайды аңсап ақын соған сөзін.
Мінезі әулиедей ел айтатын,
Құлқынға құл болуды білмейді ақын,
Жаны әзір сүйгені үшін құрбандыққа,
Бүкпесіз жүрек сырын айтар жұртқа.
Қүласа сеніммен бір кұлайды,
Аяныш сонда ешкімнен сұрамайды.
Қамыспас қас болаттай кектенгенде,
Қарғысы атқан оқтай жек көргенге.
Көрсең де осы ақынның қай мінезін
Оқушы, түсін өзің, кешір өзің.
1959
 
Бес түлік жыры Бөрте лақ
 
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме демінді ал
Селтеңдемей кұлағың.
Марқа туған бөрте лақ
Әңгімеме сал құлқк.
Ойнай көрме тым ұзап:
Боп жүрмесін бөрі тап.
Секіре ме, нетеді,
Тау текеден өтеді,
Сына ма деп тұяғың –
Сенен зәрем кетеді.
Шоли берме жан-жақты,
Болшы, бөртем, салмақты,
Жөнемексің, шұбыртып
Бар қозыны, бар лақты.
Шұнаңдама, қағынба,
Тарта берме қалыңға.
Жібермеймін тым ұзақ,
Жайылыңдар маңымда.
 
Алматы
 
Алматымыз астанасы қазақтың,
Тұрамын мен сол қаланың өзінде.
Рим да емес ол, Париж да емес мақтаулы,
Ұқсасы жоқ бүкіл дүние жүзінде.
Қала емес ол – сіздер көрген, достарым
Суреті оның басқалардан өзгерек.
Жырлау үшін оның жерін, аспаның
Ескірмеген, естілмеген сөз керек.
Қай қалада осынша алып емендер
Қөшелерге жайып қанат шығады.
Қай қалада алтын бұйрат теректер
Жапырағымен көкті сүртіп тұрады
Әрбір гүлге бір бүлбүлдан сайраса,
Әр сұлуға жыр шертеді бір ақын.
Әрбір көңіл жоғарыға қомданса,
Бұлттан да әрі тауымыз бар шығатын,
Желпіп өтсе жібек самал лебімен,
Ақ жаңбыр кеп астанамды шаяды.
Тартып шеңбер бояулары көгімнен
Қемпірқосақ кең құшағын жаяды.
Сүюшілер күн мен гүлді жанындай
Алматыма – астанама келіңдер.
Достарыма казақ дастарқанындай
Ақ пейілдер жайылғанын көріңдер!
1957
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
ӘБДІЛДӘ ТӘЖІБАЕВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫНАН:
            Тәжібаев, Әбділда. Өмірім менің … [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / Ә. Тәжібаев. – Алматы : Атамұра, 2006. – 288 б. : cурет. – (Атамұра кітапханасы).
Тәжібаев, Әбділда. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін] . 3-т. Поэмалар мен драмалар / Ә. Тәжібаев ; құраст. Қ. Ергөбек ; ред. Ш. Рақымбекова. – Алматы : Ана тілі, 2009. – 272 б : фотосурет.
 Бұл кітаптарға қазақ поэзиясының ақтаңгері Әбділдә Тәжібаевтың әр жылдары жарық көрген өлеңдері мен поэмалары енгізілген.
 
МЕРЗІМДІ  БАСЫЛЫМДАРДА  ЖАРИЯЛАНҒАН  ШЫҒАРМАЛАР:                                 Кекілбаев, Әбіш. Аңыздың ақыры [Мәтін] : роман / Ә. Кекілбаев //
Жамбыл. – 2015. – №1. – Б. 3-37 ; №2. – Б. 3-43. – жалғасы келесі санда.
            Жазушы Әбіш Кекілбайұлының әлем әдебиетіндегі ешбір шығармаға ұқсамайтын романы берілген.
          Айтұлы, Несіпбек. Әбділда ақын [Мәтін] / Н. Айтұлы // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 16 қаңтар (№1-2). – Б. 13 : фот.
          Әбділда Тәжібаев (1909-1998) [Мәтін] : еске алу // Жұлдыздар отбасы. – 2013. – №7. – Б. 31-35 : цв.ил.
         Дәуітұлы, С. Өлең – жырдың дүлділі [Мәтін] / С. Дәуітұлы // Керуен. – 2009. – № 04. – С. 133 – 145.
           Мақалалардан жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясының аса ірі өкілі Әбділдә Тәжібаевтың шығармашылығымен танысасыздар.
 
 
 
Құрастырушы: Ж. Таласбаева
Мекен жайы: Тараз қаласы,
С.Ақкөзиев көшесі, 5 үй,
Телефоны: 56-88-09

Кітапхана ісі бойынша         

әдістемелік құралдың

жүйелі картотекасы

Тараз – 2019

КІРІСПЕ

Бір кітапхана немесе бірнеше кітапхананың жинақталған кітап қорында бар баспа шығармаларының белгілі бір жоспар бойынша құрастырылған қор құрамының мазмұнын ашып көрсетуге, оқуға мақсатты басшылық жасауға, оқырмандардың кітап іріктеп алуына көмектесуге арналған тізбегі. Кітап қорының құрамындағы баспа шығармаларының алуан түрлері, тақырып жағынан сан салалығы, сондай-ақ оқырман сұранымының елеулі айырмашылығы кітапханада бағыты мен құрылымы жағынан әр түрлі каталогтар мен картотекалар жүйесін жасауды қажет етеді. Кітапхананың әрбір типы үшін Каталогтың қажетті минимумы белгіленген. Кітапхана толықтығына қарай бас каталог, орталық каталог және жинақты каталогқа бөлінеді.

Ал мына ұсынып отырған әдістемелік құрал көпшлік кітапханаларда  кітап қорын, каталогтары мен картотека жүйелерін ұйымдастыруға арналған.    Бұл таблицалардың негізгі міндеті – баспа шығармаларының мазмұнын ашып оларды білім жүйелерінің ғылыми негізделген ретті қатарлары бойынша көрсету және сол арқылы оқырманның кітап қорын пайдалануын барынша жеңілдету.

Көпшілік кітапханаларына арналған КБЖ таблицалары – КБЖ жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, КБЖ жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, ол түрлі типті кітапханаларға арналған таблицалардың әр түрлі дәрежеде бөлшектенген нұсқаларын қамтиды.

Баспа шағармаларына жазылған сипаттама карточкалар мазмұнына сәйкес, білім салалары бойынша орналастырылған, одан әрі қарай бөлімдер неғұрлым ұсақ бөлімшелерге бөлініп, логикалық бірізділікпен және бір-біріне бағынышты қойылған картотека құрылымын назарларыңызға ұсынамыз.

78     Кітапхана ісі. Кітапханатану. Библиография

78.3   Кітапхана ісін басқару. Басшылық және нормативті құжаттар

78.3 е/н  Кітапхана ісі бойынша ғылыми- зерттелген жұмыстар

78.3Р   Кітапхана мамандығы

78.34/2/Н    Кітапхана жұмысын  ұйымдастыру

78.34(2)П    Кітапхана жұмысын жоспарлау (жалпы, ағымды, келешекті)

78.34(2)7    Кітапхана жүйесін ұйымдастыру

78.34 (З)    Кітапхана ісі шет мемлекеттерде (жалпы)

78.342  Кітапханадағы әдістемелік қызмет (ұйымдастыру, жұмыстың түрі, бағыты)

78.348    Кітапхана мекемесі және жабдықтары

78.36      Кітапхана қоры және  оның құрылымы

78.37       Кітапхана қорының жүйесі және каталогтары ( Каталогтар (жалпы), Электронды)

78.38       Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Кітапханалық маркетинг              

78.381     Әдебиеттерді танымалдандыру түрі және әдісі. (Жалпы көпшілік жұмыс түрлері)              

78.381.1  Саяси- қоғамдық тақырыбы (Жалпы Қазақстандық, Патриоттыққа тәрбиелеу)

78.381.2    Тарих тақырыбы (Қазақстан тарихы, Қазақстанның белгілі қайраткерлері)

78.381.3    Қазақ халқының салт- дәстурі, мәдениеті (Тіл,Айтыс, Қыз сыны т.б)

78.381.4     Экономика білімі ( Статистика, Демография)

78.381. 5     Жастар туралы әдебиеттерді насихаттау

78.381.6    Әскери отансүйгіштік ( Қазақстан қарулы күштері ,Батырлары, Қазақстандық

                  ҰОС ардагерлері)

78.381.7    Ұлтаралық қарым- қатынастар     мәдениеті

78.381.8        Адамгершілікке тәрбиелеу  ( Басқа ұлттар туралы,  Отбасылық қарым-

                      Қатынас,  Махаббат және достық, Дін және басқа да ағымддық) 

78.381.9     Жаратылыстану ғылымдары және экология тақырыбы ( Қоршаған әлем туралы,

                   7 жеремет, Қорықтар, Таулар, Өсімдіктер , Жануарлар әлемі, Балықтар,

                   Қазақстан аумағындағы экология)                

78.381.10   Құқық тақырыбы

78.381.13    Еңбек туралы

78.381.14   Ауылшаруашылық.Техника.  Жолда жүру ережесі

78.381.16    Өнер туралы ( Эстетикалық тәрбие,  Музыка,Эстрада.ХО, Театр.Цирк.Кино ,  

                    Қазастанның белгілі өнер қайраткерлері)       

78.381.17  Көркем әдебиет (Қазақстан әдебиеті,  Қазақстан ақын-жазушылары, Жергілікті

                  ақын- жазушылар, Ресей әдебиеті, СНГ,Шетел әдебиеті)                   

78.381.18   Денсаулық туралы әдебиеттерді танымалдандыру ( Денсаулық сақтау,

                  Медицина, Спорт және физкультура, Жат әдеттермен күрес, Спорттық қабілет)

78.381.19   Білім және оқу процессі  және білім көтеру (Мұғалімдермен жұмыс, Алғашқы   

                   Қоңырау.  Соңғы қоңырау.  Әліппемен қоштасу.  Тәрбие бұрышы)

78.381.20    Өлкетану біліін танымалдандыру (Қазақстан бойынша, Облыс көлемі)

78.381.21     Аталып өтілетін   мерейтойлар ( 1 Мамыр-Қаз.Халық.күні,  Жеңіс күні,  

                     Тәуелсіздік,Желтоқсан, Республика күні ,  22 Наурыз, 8 Наурыз, т.б)

13 мамырда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында қазақ соқырлар қоғамы мүшелері және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек Жолы» танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында Ұлы Дала елінің тарихынан сыр шертетін қазақ халқының тұнып тұрған шежіресі Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы мен Түркі әлемінің генезисі туралы кеңінен айтылды.
Шара соңында «Ұлы даланың жеті қыры» «Жаңғырудың жандануы» атты 13 минуттық бейне ролик көрсетілді.