«Сиқырлы саусақ ұшымен…»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін  және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 7 сәуір  Халықаралық денсаулық күніне орай  «Сиқырлы саусақ ұшымен…» атты кездесу кеші зағип уқалаушы мамандармен өткізілді.Кештің мақсаты: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын түсіндіру, өмірде өз орның тауып, еңбектеніп жүрген зағип жандарды үлгі ете отырып, бағдарламаның әркімнің еңбек етуіне жол ашатындығын, мәні мен манызын нақты мысалдармен түсіндіру.Кештің қонақтары: І топ көз мүгедегі Теміржол ауруханасының  мейірбике уқалаушы — Джораева Мархаматхон; І топ көз мүгедегі жеке кәсіпкер, «Шығыс және дәстүрлі медицина» орталығының  уқалаушы маманы — Мұратов Амангелді; «Болашақ»  мектеп –интернатының 9-11 сынып оқушылары; Қазақ Соқырлар Қоғамының мүшелері.Кеш барысында  арнайы шақырылған зағип уқалаушылар өздерінің  мамандығы туралы мәлеметтер берді, «Болашақ»  мектеп – интернатының  оқушылары мамандарға сұрақтар қойып, өздерін қанағаттандырлатын жауаптарын  алды.Іс-шараға БАҚ өкілдері қатысты.