Мәдениетіміздің  алтын –өзегі-өнер

«Мәдениетіміздің  алтын –өзегі-өнер»

21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен  көзі көрмейтін және нашар көрейтін балаларға  арналған «Болашақ»  мектеп – интернатында «Мәдениетіміздің  алтын –өзегі-өнер» атты кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты : Жергілікті өңірдегі мәдениет қайраткерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың дәстүрлі ән өнерін және музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік,  парасаттылыққа тәрбиелеу. Кеш қонақтары Қазақстан Республикасының «Мәдениет Қайраткері»  Мәдіханова Разия Арғынқызы мектеп оқушыларына «Ал қоңыр» ,«Ахау керім» әндерін орындаса, еліміздегі республикалық және облыстық  бірнеше байқаулардың иегері Бабақұлов  Маралбек  Тұрсынбайұлы «Балапан каз» әнін 9 сынып оқушысы Айсұлу Тұрымбек қосылып шырқады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *