«Біз кітапханаға барамыз»

«Біз кітапханаға барамыз»

Ағымдағы жылы дәстүрлі «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқа мерзімді сағ: 11.00 – 15.30 аралығында жаздық лагері Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар  кітапханасында  зағип оқырмандардың тілегі бойынша 1маусым мен 3 маусым аралығында   ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – арнайы кітапхананың зағип оқырмандарының көп балалы отбасылардың  балаларына әлеуметтік  көмек көрсету, білім алуға, оқуға деген ынтасын арттыру, кітапханаға тарту.1 маусым  күні арнайы кітапханада  балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып ,достыққа бірлікке тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі  көру мүмкіндігі шектеулі, балаларына арналған «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқа мерзімді жаздық лагердің  ашылу салтанаты «Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілікпен  басталды. Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес, сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын, иманды да әділетті, қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке болды. Олай дейтін себебіміз, балалардың қызығушылығын арттыра түсетін жоспарда түрлі ойындар, мәдени шаралар, «Көне Тараз» археологиялық саябағына, облыстық мұражайына  бару ұйымдастырылды. Ал, облыстық мұражайға «Мен өлкемді сүйемін» деген тақырыпта өлкеміздің өткен тарихымен  бүгіні және келешегі туралы айтылып, музейдегі экспонаттар балалар қызығушылығын оятты.Жазғы қысқа мерзімді балалар лагерьдін екенші күні «Мультиктер әлеміне қош келдіңдер» атты тақырыпта балалардың сұранысы бойынша «Алдар Көсе», «Маша и Медведь», т.б. мультфильмдер көрсетілді.  Ал -үшінші күні, балалар өз өнерлерін көрсеті.Лагерь күндері кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түскі ас беріліп, балмұздақ таратылды. Бұл шараға  қатысқан балалардың ата-аналары өте риза болып кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты.«Біз кітапханаға барамыз»  қысқа мерзімді демалыс лагері қызықты да тартымды өтті.

DSC_0219 DSC_0221 DSC_0231 DSC_0243 DSC_0247 DSC_0252 DSC_0253 DSC_0260 DSC_0302 DSC_0318

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *