«Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының зағип оқырмандардың балаларының еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы мақсатында «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты қысқа мерзімді 4-6 маусым аралығында жаздық лагерь ұйымдастырылды.

Лагерьдің 1 – ші күні «Балаларға базарлық» жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, ауыз әдебиетіне саяхат, «Жұмбақ — жұмып бақ….» бәсекесі өтті. Жас бүлдіршіндер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР  Гимнін орындады. 2 – ші күні «Қажымұқан», «Бауырсақ, Толағай»  атты   ертегілерін, және Қазақ драма театрына барып ертегі қойылымдарын тамашалап «Анам, әкем және мен тату тәтті отбасы» отбасылық суреттер сайысынан жарысқа түсті. 3 – ші күні «Сымбатты болу — сән» би флешмоб және әр-түрлі танымдық ойындар ойналып, өлең-жырлар оқылып, ән шырқалды. Балалардың сүйікті кейіпкері «Алдар көсе» мультфилмінен үзінділер көрсетілді.

Сондай-ақ, лагерь барысында балаларға түскі ас /ыстық тамақ/ беріліп,  балмұздақ таратылды. Әр бағдарламаныңөзіндік ерекшелігі мен мақсатының айқындылығы балалардың кітапханаға келу қызығушылығын арттырды.